Қош келдіңіз Гость | RSS



Санақ

                                                                           Назар салыңыз: КОНКУРС!

«Нұр Отан» ХДП ЕФ-ның «Жас отан» жастар қанаты мен Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімі бірігіп ҚР Конституциясының 15 жылдығына орай 18 жасқа дейінгі суретшілер мен авторларды «Конституция – біздің көзімізбен!» атты қалалық  байқауға шақырады. Конкурсқа осы тақырыпқа арналған суреттер мен өлеңдер қабылданады.

2010 жылғы 6-25 тамыз  аралығында өтетін конкусқа 18 жасқа дейінгі үміткерлер қатыса алады. Кейін барлық шығармалар орталық кітапхананың көрмесіне қойылады. Ең жақсы өлең авторларына өз туындысын жұртшылық алдында оқу мүмкіндігі беріледі.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 29 тамыз күні сағат 12.00- де орталық кітапханада салтанатты түрде марапатталады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды марапаттау бөлек жүргізіледі.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалар орталық кітапханада  (Мәшһүр Жүсіп  көшесі, 51) қабылданады.  Қабылдау мерзімі 26 тамызға дейін. 

Анықтама телефондары: 34-36-87, 75-88-68                                                                              

 

 

«  Тамыз 2017  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017