Қош келдіңіз Гость | RSS



Санақ

Басты» 2010 » Тамыз » 6 » Арманның жеңісі
10:32
Арманның жеңісі
Арманның жеңісі

Жерлесіміз, 18 жасар Арман Қайырғалиұлы таяуда дзюдо күресінен Польшада «Еуропа Кубогы» үшін өткен жарыста чемпион атанып, айды аспанға шығарды. Болашақ чемпион Екібастұз футбол құрамасында футболшы болған нағашы атасы Қайыржанның қолында өсті. Кішкентай кезінен спортқа баулыған да атасы. Арман спортпен шұғылданатын нағашысы Әділетті де пір тұтты. «Жасыбай» спорт кешенінде балғын баланы үлкен спортқа жетелеген жаттықтырушысы Рашит Махметов «өзінен ересектермен белдесуде жеңіске жетіп келген Арманға табандылық пен еңбекқорлық тән. Әрі өзі алға қойған мақсатына жетуге жоспар құрып, сол бойынша әрекет етеді»,-дейді. Бұған дейін Арман талай рет қалалық, облыстық, республикалық бәсекелестікте жеңіс тұғырынан көрініп келді. Дәлірек айтқанда, ол 2006 жылы Таразда өткен республикалық біріншілікте өзінен 3 жас үлкендігі бар қарсыласын тізе бүктірді. Орынборда 5 ел спортшылары қатысқан халықаралық жарыста 73 келі салмақта көш басынан көрінді. Кейін Қазақстан атынан Барнауылдағы халықаралық жарыста бас бәйгені жеңіп алды. Белдесуде жарақат алғанына қарамастан Қызылордада өткен республикалық жарыста да алдына жан салмай, Қазақстанның құрама командасына кірді. Биыл көктемге салым Германияның Бремен қаласына әлемнің 5 континентінен спортшылар келді. Ол жолы немістен де, голландықтан да басым түскенімен, жарақаты сыр беріп, ағылшын спортшысынан ұтылады. Санкт-Петербургтегі «Еуропа Кубогы» үшін жарыста да канадалықты жеңіп, венгр палуанымен шыққанда емделудің қажеттігін шын ұққандай еді. Елге келісімен жергілікті «Еуразия» медициналық орталығында ем қабылдап, қайтадан қызу дайындыққа кіріседі. Осы жолы Польшаның Сетниево қаласына бет алған Қазақстан құрамасындағы 17 спортшының ішінде Арман да бар еді. Ондағы «Еуропа Кубогы» үшін жарыста 29 елдің спортшылары 7 түрлі салмақта белдесті. Швед пен полякты оңай жеңген Арман украин палуанымен теке-тіресте біраз тер төкті. «Мен оны юка әдісімен жеңіп, ақтөбелік спортшыдан да басым түстім. Ақтық сында орыс дзюдошысымен шығып, таза жеңіске жеткенімде жұрт орнынан тік тұрып, қошамет көрсетті. Сол сәтте ел сенімінен шыққаныма көңілім марқайды» дейді Арман күлімсіреп. Арман жарысқа баруға мүмкіндік туғызған дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Зейнеп Опабекқызына, «Жасыбай» спорт кешенінің директоры Н. Шестаков, нағашысы Әділет, қаржылай көмектескен «Төртқұдық» кәсіпорнына (Ә. М. Риянов) шынайы алғысын білдіреді. Алтын медаль иеленген Арманға артылар жүк те ауыр. Енді ол алдағы қазан айында Мароккода (Африка) өтетін әлем біріншілігінде тағы да ел намысын қорғамақ.                                           
Рауза МҰСАБАЙ
Қаралды: 410 | Қосқан: Отарка | Теги: СПОРТ, Арман | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Аты *:
Email:
Код *:
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017