Қош келдіңіз Гость | RSS



Санақ

Басты» 2010 » Тамыз » 12 » Құрметті спортшылар! Сіздерді спорт күнімен құттықтаймыз!
14:49
Құрметті спортшылар! Сіздерді спорт күнімен құттықтаймыз!

Құрметті спортшылар!

Сіздерді спорт күнімен құттықтаймыз!

Спорт мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады. Елбасымыз да өзінің халыққа Жолдауында салауатты өмір салты және адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы денсаулық сақтау саласы мен күнделікті өмірдің негізгі бір бөлшегі болуына тиістігін атап көрсеткен. Өйткені салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спорттық тамаша дәстүрлерді сақтау жас ұрпақ саулығын нығайтып, оның ішкі-сыртқы тәрбиесін дамытуға ықпал етеді. Бүгінгі күні салауатты өмір қазақстандықтарға аса танымал салтқа айналып келе жатқаны тегін емес. Спортшыларымыз да күннен-күнге өз өнегелері арқылы денешынықтыру мен спорт денсаулық кепілі екендігін айғақтаумен келеді. 

Біздің қаламызда спортқа ден қойған адамдар саны жылдан жылға арта түсуде. Спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді. Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге жетуде. Толағай табыстарда жаттықтырушыларымыздың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын арта кеткен артық болмас.

Келешекте біздің спортшыларымыз жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт отандастарымыздың күнделікті өмір салтына айналарына сенімдіміз.

Спорт күні қарсаңында барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, ардагерлерді, спортқұмарлар мен жанкүйерлерді мемекемен құттықтай отыра, мықты денсаулықтың арқасында жаңа табыстарға қол жеткізе беріңіздер демекпіз.

Екібастұз қаласы әкімінің міндетін атқарушы     Н.Дычко

Қалалық мәслихат хатшысы                                   Ғ.Балтабекова

 

Қаралды: 1355 | Қосқан: Отарка | Теги: Құрысшылар күні | Рейтинг: 0.0/0
Барлық пікірлер: 0
Аты *:
Email:
Код *:
«  Тамыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017