Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала

Каталогтағы барлық мақала: 95
Көрсетілген мақалалар: 13-24
Беттер: « 1 2 3 4 ... 7 8 »

Қаз-қалпында

Шындық бүркемелеуге көнбейді

20-26 қыркүйек аралығында қаламызда «Мемлекетік тіл – ел мұраты» акциясы жарияланып, ұйымдастыру комитеті қалалықтарға үндеу де жолдады. Екібастұздықтардың акцияға, жалпы  мемлекеттік тілге деген көзқарасын байқап, жарияланған үндеуге қалайша қолдау жасап жатқандығын білу үшін 22 қыркүйек – Тілдер күні телефон арқылы сауалнама жүргіздік.

 

Қоғам | Қаралды: 453 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 22.09.2010 | Пікірлер (0)

Республикалық акция

Сәбиді қуантып, сауабын ал!

Бүгінде Павлодар облысындағы балалар мен сәбилер үйінде, жетім балалар тәрбиелейтін интернаттарда жетім, әке-шеше қамқорлығынсыз қалған  700-ге тарта (оның 101-і – Екібастұз балалар үйінде, жасөспірімдер баспанасында) бала тәрбиеленуде. 700-дей жаралы жүрек жақын-туыстың аялы алақанына зәру боп өсіп келеді. Әрқайсысы жанұя жылуын аңсап, жақындарымен табысатын жарқын күндерді армандауда. Періштедей пәк бала арманын жүзеге асырып, оған қуаныш сыйлау – сауапты іс.
Әлеумет | Қаралды: 518 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)


Имандылық

Шырақшы үйінің қазығы қағылды

- Ақкөл мен Жайылмада аз жыл тұрдың,

  Пір болып, мүрид бастап, дүкен құрдың.

  Әркімнің көңіліндегі датын тауып,

  Бір түскен сәулесі едің жарық-нұрдың.

Бұл бір шумақ өлең Мәшһүр Жүсіптің Исабек ишан өмірден өткенде шығарған жоқтауынан алынып отыр.

«Ишан – діни сопылық ілімді уағыздаушы, дін ғұламасы. Ишандар мұсылмандық діни қауымдарды, медіреселерді басқарып, мүриттерді (шәкірттерді) тәрбиелеген.»
Руханият | Қаралды: 642 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Көрме

Күз кереметтері


Соңғы жылдары қаламызда ұйымдастырылып жүрген саяжай өнімдері көрмелері жұрттың қызығушылығын тудыруда. Өйткені дәмін айтпағанның өзінде, кейбір көкөністердің басқа бір затқа ұқсап біткен сыртқы көріністерін тамашалаудың өзі қызық.

Өткен сенбіде муниципалдық базарда «Күз тартулары» атты ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесі өтті. Көрмеге кішкентай қарбыздар, кәді, қырыққабат, күнбағыс, басқа да көз жауын алған өнімдер қойылған.
Әлеумет | Қаралды: 1485 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Қамқор, мейірімді Аллаһтың атымен!

Мұсылмандардың бір басшылықтың айналасында бірігуі және қарама-қайшылықты тастау, әсіресе мәзһаб бойынша келіспеушіліктерді тоқтатудың қажеттілігі

Барлық мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаһ тағалаға ғана тән. Еш серігі жоқ, Жаратушымыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешқандай құдайдың жоқтығына және ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік береміз. Аллаһ кімді тура жолға салса, оны ешкім де адастыра алмайды, ал кімді Аллаһ адастырса, оны ешкім де тура жолға сала алмайды.
Руханият | Қаралды: 414 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Алланың бары - ақиқат

«Алладан басқа жоқ Тәңір,

Мұхаммед - оның елшісі».

Соны айтып жаннат баққа кір

Иманың жанның - емшісі.
Руханият | Қаралды: 460 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Сәті түскен сұхбат

Арман Бердалин, айтыс ақыны, Көкшетаудағы «Көкше» мәдениет үйінің бастығы: «Имамға ұйыған – иманнан адаспас»

-         Қазіргі поэзияда имандылықты ту етіп жүрген жастар қатары көбейгендігі қуантады. Ал өзіңіздің бұл тақырыпқа бет бұруыңызға не әсер етті?
Руханият | Қаралды: 661 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

«Денсаулық» фестивалі

Жүгіру бұқаралық сипат алды

Шынықсаң – шымыр боласың. Дене шынықтырудың адам денсаулығы үшін мәні зор екенін жете ұғып, таңертең не кешке бір ауық жүгіруді, түрлі жаттығулар жасауды әдетке айналдырған, аптасына бір-екі рет спорт залдарын жағалап, спортпен шұғылданатын адамдар арамызда жылдан-жылға көбейіп келеді. Міне, осындай адамдар қоғамда салауатты өмір салтын орнықтыруда жалпақ жұртқа үлгі-өнеге болып жүр.
Спорт | Қаралды: 726 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Көкейкесті

Қазақ сыныбының кілті – жанашыр басшының қолында

Оқу жылының басында бірнеше орыс мектебінде тұңғыш рет қазақ сыныптары ашылғанын айтып, оқырмандарымыздан сүйінші сұраған едік. Осы тақырыпқа тағы бір қайырылғанды жөн көріп отырмыз.

Бозшакөл негізгі мектебі оқу ісінің меңгерушісі Бақыт Абдықадыроваға хабарласып, бозшакөлдіктердің талай жылғы арманын ақиқатқа айналдырған 1-қазақ сыныбында 4 оқушы оқып жатқанын білдік. Ал орыс сыныбына биыл бала болмапты.

Білім мен ғылым | Қаралды: 570 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Руханият

Жастардың орны олқы тұрды

9 қыркүйек – қасиетті жұма күні екібастұздық мұсылман қауым «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Ораза айт мерекесіне орай ұйымдастырылған рухани кеште бас қосты.

Құран оқудан басталған тағлымды кеште жамағатты Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы құттықтап, бақ-береке тіледі.
Руханият | Қаралды: 372 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Көкейкесті

Керексіз маман неге көп?

Қалалық әкімдікте өткен кезекті жиында оқу орындарын бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасу жайы сөз болды. Қала әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жетекшілік еткен жиынға қала әкімінің ішкі саясат, еңбекпен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімдерінің, қаламыздағы оқу орындарының басшылары қатысты.
Білім мен ғылым | Қаралды: 464 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Сауапты шара
Ақкөл ауылдық округінде айлардың сұлтаны – оразада ауыз бекіткен жандарға ауызашар беру игі дәстүрлердің біріне айналды. Дәстүр бойынша биыл ауызашар 6 қыркүйек күні беріліп, оған ауылдық округ орталығы Ақкөлдегі, Жақсыат, Зеленая роща ауылындағы ораза ұстаған барша жамағат шақырылды. Бір қуаныштысы, биыл ораза ұстап, ауыз бекіткен мектеп оқушыларының да қатары көбейген.
Руханият | Қаралды: 323 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)


Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017