Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала

Каталогтағы барлық мақала: 95
Көрсетілген мақалалар: 25-36
Беттер: « 1 2 3 4 5 ... 7 8 »

ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕДЕЛ ӘЗІРЛЕУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

Екібастұз қаласының Әділет басқармасы жеке куәліктер мен төлқұжаттарды жедел әзірлеудің уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Әділет басқармасының мұндай хабарландыру таратуына жеке куәліктері мен төлқұжаттарын жеделдетіп ресімдеуге өтініш берген жұрттың наразылығы себеп болды.
Қоғам | Қаралды: 432 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (2)

Қаражатпен қарасты

7 тамыз күні қалалық мәслихаттың кезекті ХХІҮ сессиясы болып өтті. Онда Екібастұз қаласының бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өйткені, Бюджеттік кодекстің 52-бабына сәйкес облыстық мәслихаттың шешімімен облыстық бюджетке Екібастұз қаласының бюджетінен жеке табыс салығынан аударылатын түсім 48,8 пайыздан 65,6 пайызға дейін өсірілген. Бұл қосымша сома 329,3 млн. теңгені құрайды.
Қоғам | Қаралды: 350 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Үйлестіру кеңесінде

Жастар саясатында жүйе жоқ...

Қалалық әкімдіктің үйлестіру кеңесінде жастар саясатын жүзеге асырудың жай-күйі сөз болды. Аталмыш тақырыпқа Шідерті кентінің әкімі Жасұлан Сәдуақасов пен Теміржол ауылдық округінің әкімі Ерлан Қасеналин баяндама жасап, «Дипломмен – ауылға» республикалық акциясының аяқ алысы, жастардың өнер мен спорттағы жетістіктері, басқа да жайттарды тілге тиек етті. Соның бір-екеуін атап өтер болсақ, «Жол картасы» аясында Шідерті кентінен 25 адам «Отан» ҚБ біріккен кеңесінің филиалында «ВС» жүргізуші санатына кәсіптік бағдарлау курстарынан өтіп, 10 адам хатшы-референт курсын тәмамдаған. Теміржол ауылдық округіне қарасты Құлакөл ауылында жоғары сынып оқушыларының мектеп медбикесімен бірігіп «Жас дәрігер» тобын құрып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүргені – құптарлық бастама. 
Әлеумет | Қаралды: 618 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

                                                                            Ұмытылмас кездесу

                                                    

«Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастардың ІІ инновациялық білім беру лагерінің 3-ауысымын өткізді. Лагерь жұмысы Ақмола облысы Бурабай ауданының «Приозерный» деп аталатын бос уақытты қамту және денсаулық орталығында ұйымдастырылды.

12 шілде – 11 тамыз аралығын қамтыған үш ауысымда лагерь 400 адамды қамтыды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуді басты мақсат етіп ұстанған, «Отаншыл» деп аталған үшінші ауысымға барғандар саны көп болды.
Спорт | Қаралды: 490 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (3)

Қайтпек керек?

Сотталғандардың соры қалың

«Сотталған», «істі болған» деген түсінік адам тағдырына мәңгілікке соғылған таңба секілді. Ғұмырдерегінде мұндай анықтамасы бар адамдардың өздері тұрмақ, туғандарына да мемлекеттік қызмет, құқық саласында еңбек етуге шектеу барын білеміз. Бірақ сотталған жан да адам баласы, оның да басқалар сияқты өмір сүруге, бақытты болуға қақы бар.
Қоғам | Қаралды: 651 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Салауатты өмір салты

 ТАҒЫ БІР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

 Балалардың бос уақытын мағыналы өткізіп, дене еңбегімен айналысуында өз ауласындағы ойын алаңының маңызы зор. Биылғы жылы қаладағы 6 муниципалдық округте ойын алаңын жабдықтауға бюджеттен қаржы қарастырудың орайы келген еді. 

Әлеумет | Қаралды: 934 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Талаптыға нұр жауар

Манарбек - Назарбаев университетінің студенті

-Мен Назарбаев университетіне түстім!

Манарбектің бұл сүйінші хабары «Зерде» мектебін лезде шарлап өтті. Биыл ғана мектептен түлеп ұшқан Манарбек Нұркенов шілде айында  ашылған Назарбаев университетіне оқуға түсіп, ата-ана, ұстаздарының үмітін ақтады, мектебі мен туған қаласының мерейін үстем етті.

Еліміздің ТҰҢҒЫШ Президентінің есімі берілген республикамыздағы ТҰҢҒЫШ халықаралық деңгейдегі университеттің қабылдау сынақтарынан сүрінбей өткен 500 студенттің бірі -ТҰҢҒЫШ екібастұздық өренді біз де құттықтауға асықтық.

Манарбекпен жолығудың сәті тек 1 қыркүйек күні түсті. Ол өзі жайлы, университетке түсуге қалай әзірленгені туралы біраз әңгімелеп берді.
Білім мен ғылым | Қаралды: 1044 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Ұсақ-түйек емес

КӨШЕ АТАУЫНА КӨҢІЛ БӨЛІНСЕ ...


                                       



Бір қарағанда саусақпен санарлық болып көрінгенімен, Екібастұз қаласындағы көше саны 233-ке (!) жетіп жығылады. Әлі де жаңа көшелер пайда болады. Былтырғы жылы жергілікті сәулет бөлімі қаланың бас жоспарын белгіледі. Болашақта Екібастұз батысқа қарай өрлеп, қанат жаяды. Қазірдің өзінде кенді қаланың сырт жағында жекеменшік үйлер қарқынды салынуда. Әрине қуанышты жәйт. Әйтсе де,  ондағы көше атауларына қарап, көңіл құлазиды. Әдетте көше, елді мекен атаулары сол өңірдің өткенімен бірге астасып жатуы тиіс қой. Бірақ бізде әсте олай емес. Әлі де кеңестік жүйенің суық ызғары сезіліп тұр.
Тарих | Қаралды: 1080 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (3)

Сізге қалай қызмет етеді?

Жолаушылар №22 маршрут қызметіне наразы

 8 қыркүйек күні таңғы сағат 8.33-тің шамасында «Өнер» ҚМО аялдамасынан №22 автобусқа отырып едім, өзім сияқты жұмысқа асығып тұрған жолаушылар автобусқа кірер-кірместен жүргізуші мен кондукторға дүрсе қоя бергені.

- Автобус күткенімізге бырсыпыра болды. Осы маршруттың кесірінен қашанғы жұмысқа кешігуіміз керек?- деген жолаушылардың жанайқайларынан бұл маршрутқа өкпелі адам жалғыз мен ғана емес кенімді ұқтым.
Әлеумет | Қаралды: 425 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Сіз білесіз бе?

Жаңа қызметтер жаныңызға жақса...

Қала ішіндегі маршруттық автобустарда Қазақтелекомның «ТМД елдеріне қоңырау шалу – 25 теңге, алыс шетелге қоңырау соғу – 45 теңге» деген құлақтандыруы жазылған парақшалар ілінгелі де біраз болды. Шетелде туыс-туғандары тұратын жерлестерімізді мұндай өзгерістер бір марқайтып тастады.

-Шілдеден бастап тарифтердің арзандағанына қатты қуандық. Ресейде қызым және басқа да туыстарым бар. Телефон байланысы екі есе арзандап, арқамыз кеңейді, бұрынғыдан гөрі ұзағырақ сөйлесіп, арқа-жарқа болып қаламыз,- дейді бұл өзгеріске ризашылық білдірген әріптесім Алма Қондыбайқызы.
Әлеумет | Қаралды: 421 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып, үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру процесі».

Сара Алпысқызы Назарбаева

Жан дүниеңе үңілтетін жаңа пән

Биыл балабақша, мектеп бағдарламаларына тағы бір жаңа пән қосылды. 2001 жылы республикалық «Бөбек» білім беру-сауықтыру орталығының төрайымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған «Өзін-өзі тану» деп аталатын эксперименттік жоба әзірленді. Кейінгі жеті жыл ішінде республикамыздың түкпір-түкпірінде эксперимент ретінде жүргізілген курс апробациялаудан табысты өтіп, биыл елдің білім беру-тәрбие жүйесіне жол тартты.
Білім мен ғылым | Қаралды: 1509 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Жағымды жаңалық

ДҮНИЕГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ

Өте сирек кездесетін құбылыс. Егіз емес, әсіресе, дүниеге үшемнің келуі ілуде біреу ғана. Тамыздың соңына таман Солнечный кентінің тұрғындары Валентин мен Ксения Толмачевтар отбасында екі ұл, бір қыз дүниеге келді. Оған дейін де бір ұл мен бір қызы бар шаңырақ енді уілдеген сәби үніне толды.
Әлеумет | Қаралды: 541 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)


Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017