Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Ауыл тынысы

Құлакөлдіктер «Назеркеге» дән риза

Ауыл айнасы

Құлакөлдіктер «Назеркеге» дән риза 

Жуырда Құлакөл ауылына Екібастұз мұсылман әйелдер лигасы жанындағы «Назерке» телеклубының ұйымдастыруымен «Отан отбасыдан басталады» атты кеш өтті. Кештің негізгі мақсаты – отбасы сыйластығын насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу. Концерттік бағдарламада лига мүшесі Алтын Ибаділдина жазған тәрбиелік мәні зор «Қыңыр келін», «Автобустағы танысу» сықақ-көрсетілімдері көрсетілді. Әсем әнмен жалғасын тапқан концертте мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Жаңыл Қорғанбайқызы Байболат Әубәкіровтің «Асыл анам» әнін шырқаса, лиганың өзге мүшелері де өнелрені аямады. Ауыл тұрғындары да қонақтарды құр жібермеуге тырысты. Құлакөл ауылының клуб меңгерушісі Гүлнәр Қадырова «Немерем» әнін орындаса, Гүлжаһан Қабдолла келіні «Қара жорға» биін мың бұрыла биледі. Өнерпаздарға Әшім ата мешітінің имамы Бейсенбай қажы ризашылық білдіріп, бата берді. Ауыл зейнеткері Зейнола аға клуб мүшелеріне шығармашылық табыс тілеп, «Туған елге сүйіспеншілік» шумақ өлең оқып берді. Кеш соңында «Назерке» клубының мүшелері Құлакөл ауылының өнерпаз қауымына сыйлықтар табыстады. Соңынан ауыл әкімі Ерлан Қасеналин «Назерке» клубының мүшелеріне алғысын білдірді.

Рымкеш Мұсабекова,

Құлакөл ауылы

 

Санат: Ауыл тынысы | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 526 | Тегтер: Құлакөл ауылы, Екібастұз мұсылман әйелдер лигасы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017