Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Ауыл тынысы

Қалашыққа академиктің аты лайық

Жазылған жайдың жаңғырығы

Қалашыққа академиктің аты лайық

«Отарқа» газетінің өткен сандарында «Солнечный» қалашығының атын өзгерту туралы әртүрлі пікірлер айтылып, оқырмандар өз ұсыныстарын ортаға салуда. Бірі тарихи атын тауып атайық десе, бірі мүлдем жаңаша атау лайық дейді. Енді бірі энергетика ошағына жерлесіміз, энергетик, академик, «Халық қаһарманы» Шапық Шөкин есімін алға тартады.

Менің де Екібастұз қаласының тұрғыны ретінде қосар өз ұсынысым бар.

Бір-екі жыл бұрын қаламыздағы Қ.Сәтбаев атындағы кітап дүкенінен академик Шапық Шөкиннің «Өмірдің төрт мезгілі» деген кітабын кездестіріп, ынта-ықыласыммен оқып шыққан болатынмын. Ғылымның ауыр жүгін көтерген ғалымның білім-ғылым жолында көрген қиыншылықтарын оқып, таңырқаған едім. Кітап арқылы жаңа бір әлеммен танысқандай, табысқандай болдым. Ғұлама ғалым қазақ ғылымы мен энергетикасы үшін қыруар еңбек атқарған екен. Сарыарқаның сары даласын жаяу кезіп, күн демей, түн демей, үйі-күйіне қарамай, халыққа жасаған қызметі зор. Әсіресе, Ертіс-Қарағанды каналының салынуы үшін жанұшыра жүгіріп, ісін алға бастыру үшін сол кезде барлығы Мәскеу арқылы шешілетініне қарамастан, министрліктердің табаныны тоздырып, ақыры мақсатына жетіп, өз ойын дәлелдейді.

Осындай жерлесіміздің барына меніңше, мақтана білуіміз керек. Мақтанып қана қоймай, қазіргі жас ұрпақ танып білуі үшін, жақсымызды дәріптеп, қастерлеуіміз де керек сияқты. Сондықтан мен «Солнечный» кентін «Академик Шапық Шөкин кенті» деп атауды жөн көремін.

Басқаша атаулар бұл қалашыққа ешқандай ерекше мән-мағына үстемейтіндей көрінеді. «Солнечныйды» қазақша аударып, «Күншуақ» деп  немесе «Нұрарқа» деп атауымызда айтарлықтай айырмашылық байқалмайды. Қалашыққа жаңаша жан кірмейтін сияқты болады да тұрады. Тек қана қолдан жасалған аударма, жасанды атау сияқты. Ал академиктің есімін берсек, тұрғындарға да, жастарға да үлгі-өнеге, тағылым-тәрбие болары сөзсіз.

Рамазан Омаров

Санат: Ауыл тынысы | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 370 | Пікір: 3 | Тегтер: Академик Шапық Шөкин, солнечный | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017