Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Ауыл тынысы

Қалашыққа Шапық Шөкиннің аты лайықты

Қазіргі МАЭС-2  тұрған елді мекен кезінде Шаңдақ деп аталған. Бұлай деп айтуымның себебі: 1941-1945 жылы біз «Ақ шахта» деген жерде тұрдық. Онда сол жылдары шыны зауыты болды. Біз, 5-6-сыныптың оқушылары, жаздыгүні оқу біткенде «Шаңдаққа» зауыттың бақшасындағы картоп, қауын-қарбызды баптап, арамшөбін жұлушы едік.

Бақшашы Андрей Дроздов деген орыстың шалы біздің жұмысымызға ырза болып, қарбыз береді. Қарбыз қандай тәтті, қып-қызыл еді, картоп та қос жұдырықтай ірі болатын.

Сол жылдары Әкем Шыңғыш қол шалғымен шөп шауып, ағам екеуміз жинап, тасып алатынбыз. Шаңдақ пен Ақ шахтаның арасы 10 шақырымдай ғана. Қазір бірен-саран болмаса, оны білетін ескі көздер жоқ, бірен-саран болмаса.

Осыған дейін газет бетіне жарияланған ұсыныстарда бірнеше рет Шапық Шокиннің аты аталды. Шапық Шөкин Баянауылдың тумасы болмағанымен, Қазақстанға  сіңірген еңбегі бүкіл елге ортақ.  Әйгілі энергетик күні кеше Қаныш ағасымен бірге Қазақстанның энергетика саласына зор еңбек сіңірді. Қалашыққа Шапық Шөкин атты беру өте дұрыс болады деп ойлаймын.

Дүйсенбай Шыңғышев, қала тұрғыны

Санат: Ауыл тынысы | Қосқан: Отарка (26.08.2010)
Қаралды: 613 | Тегтер: МАЭС-2, Шаңдақ, Шапық Шөкин | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017