Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Ауыл тынысы

Жастық шақпен қауыштық

Біз, әулиелі Ақкөл топырағында 1970 жылы орта мектепті бітірген түлектер 24 шілде күні «Думан» дәмханасында бас қостық. Кездесуді бір кездегі старостамыз болған Әлия Әкібайқызы жолдасы Әміржан екеуі ұйымдастырды.

Кездесу кешін Әлия әрбір түлекке арнаған жыр шумақтарымен ашты. Біз мектеп қабырғасында оқып жүрген кездегі небір қызықты оқиғаларды еске алдық. 40 жылдағы тыныс-тіршілігімізді, қол жеткізген табысымызды әңгімелеген бұл күні тамаша отырыс болды. Айтылмаған сыр қалмады деуге болады. Күнделікті өмірдің күйбің тірлігінен арылып, балалық шаққа саяхат жасадық.

Қарап отырсақ, сол кездегі жан-жағымызды қоршаған адамдар неткен кеңпейіл десеңші! Сол жақсылар арасындағы балалық шағымыз – нағыз бақытты шақ екен.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, арамызда жоқ сыныптастар: Сатымбеков Тұрсынбай, Мұқатаев Жақсылық, Ақылшин Сапар және мектеп директоры болған Жакенов Қайыркеш, ұстазымыз Ахметов Зияш марқұмдарды еске алып дұға бағыштадық.

Сынып жетекшіміз Оспанова Орынгүлді, білім берген ұстаздарымыз Арынбеков Әшім, Арынов Қабыш, Жүсіпов Қайыржан, Алтынсары апай, Шұға Қисақызы т.б. еске алып, мектептегі балалық шағымызға қайта оралғандай болдық. Білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға ризалығымызды білдіріп, жастық шағымыз өткен туған жерімізді сағынышпен еске алдық. Отырыста  70-жылдар әндері айтылып, билері биленді. Алпыстың қырқасына шыққан ата-әжелер бозбала мен бойжеткендей болды. Ескі достардың бір-бірін ұмытпай кездескені қандай ғанибет!

Қандай қызық күндер өтті, оқығанда мектепте

Болдық біздер кейде ақылды тентек те.

Ақкөл орта мектебінің білім берген ұстаздарын

Ұмытпайық сыныптастар, қай қырда біз жүрсек те.

Тілеукен Жапарова,

Ақкөл орта мектебінің 1970 жылғы түлегі

Санат: Ауыл тынысы | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 583 | Тегтер: Достық, мектеп | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017