Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Білім мен ғылым

Мақалалар санаты: 12
Көрсетілген мақалалар: 1-11
Беттер: 1 2 »

Сұрыптау: Уақыт · Атау · Рейтинг · Пікір · Қаралған

Дөңгелек үстел

Офицер болғыңыз келсе...

«Нұр Отан» ХДП ЕФ кеңсесінде «Қызықты адамдармен кездесу» айдарымен дөңгелек үстел өтіп, отырыста мектеп оқушылары мен әскери оқу орындарының студенттері Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлім қызметкері Нұрлан Омаровпен пікірлесті.
Білім мен ғылым | Қаралды: 454 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 23.09.2010 | Пікірлер (0)

Көкейкесті

Қазақ сыныбының кілті – жанашыр басшының қолында

Оқу жылының басында бірнеше орыс мектебінде тұңғыш рет қазақ сыныптары ашылғанын айтып, оқырмандарымыздан сүйінші сұраған едік. Осы тақырыпқа тағы бір қайырылғанды жөн көріп отырмыз.

Бозшакөл негізгі мектебі оқу ісінің меңгерушісі Бақыт Абдықадыроваға хабарласып, бозшакөлдіктердің талай жылғы арманын ақиқатқа айналдырған 1-қазақ сыныбында 4 оқушы оқып жатқанын білдік. Ал орыс сыныбына биыл бала болмапты.

Білім мен ғылым | Қаралды: 544 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Көкейкесті

Керексіз маман неге көп?

Қалалық әкімдікте өткен кезекті жиында оқу орындарын бітіріп шыққан түлектердің жұмысқа орналасу жайы сөз болды. Қала әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жетекшілік еткен жиынға қала әкімінің ішкі саясат, еңбекпен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімдерінің, қаламыздағы оқу орындарының басшылары қатысты.
Білім мен ғылым | Қаралды: 448 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Талаптыға нұр жауар

Манарбек - Назарбаев университетінің студенті

-Мен Назарбаев университетіне түстім!

Манарбектің бұл сүйінші хабары «Зерде» мектебін лезде шарлап өтті. Биыл ғана мектептен түлеп ұшқан Манарбек Нұркенов шілде айында  ашылған Назарбаев университетіне оқуға түсіп, ата-ана, ұстаздарының үмітін ақтады, мектебі мен туған қаласының мерейін үстем етті.

Еліміздің ТҰҢҒЫШ Президентінің есімі берілген республикамыздағы ТҰҢҒЫШ халықаралық деңгейдегі университеттің қабылдау сынақтарынан сүрінбей өткен 500 студенттің бірі -ТҰҢҒЫШ екібастұздық өренді біз де құттықтауға асықтық.

Манарбекпен жолығудың сәті тек 1 қыркүйек күні түсті. Ол өзі жайлы, университетке түсуге қалай әзірленгені туралы біраз әңгімелеп берді.
Білім мен ғылым | Қаралды: 861 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып, үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру процесі».

Сара Алпысқызы Назарбаева

Жан дүниеңе үңілтетін жаңа пән

Биыл балабақша, мектеп бағдарламаларына тағы бір жаңа пән қосылды. 2001 жылы республикалық «Бөбек» білім беру-сауықтыру орталығының төрайымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен қолға алынған «Өзін-өзі тану» деп аталатын эксперименттік жоба әзірленді. Кейінгі жеті жыл ішінде республикамыздың түкпір-түкпірінде эксперимент ретінде жүргізілген курс апробациялаудан табысты өтіп, биыл елдің білім беру-тәрбие жүйесіне жол тартты.
Білім мен ғылым | Қаралды: 1420 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Тамыз конференциясы - 2010

Міндеттер мен межелер белгіленді


26 тамызда Екібастұз өңірінің ұстаздары бас қосып, дәстүрлі Тамыз мәслихатын өткізді. Енді басталар 2010-2011 оқу жылының басты бағыттарын айқындап, өңір мектептерінің әлеуетін сөз етті. Алдағы жоспарлар, алар асулар белгіленді.
Білім мен ғылым | Қаралды: 1069 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 02.09.2010 | Пікірлер (0)

Кәсіптік білім

Мамандары мақтауға лайық

Қосым Пішенбаев атындағы №18 кәсіптік лицейі осы жазда 201 оқушымен толығыпты. Енді мұнда жаңа оқу жылында  554 оқушы 9 мамандық бойынша кәсіптік білім алмақшы.
Білім мен ғылым | Қаралды: 494 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 02.09.2010 | Пікірлер (0)

Алғашқы қоңырау

Жаңарған мектептегі жадыраңқы күн

Биылғы жаңа оқу жылы Солнечный қалашығындағы №16 орыс орта мектебінің 410 оқушысы үшін ерекше шаттықпен басталды. Өйткені іргесі қаланған 23 жылдың ішінде бірде-бір күрделі жөндеу көрмей, төбеден аққан судан жапа шегіп келген білім ошағының шатыры жаңартылды.
Білім мен ғылым | Қаралды: 522 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 02.09.2010 | Пікірлер (0)

Тұрақты комиссия

Білім саласындағы сан сұрақ

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында «Екібастұз аймағында білім беру жүйесінің 2006-2010 жылдардағы дамуы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы кеңінен талқыланды.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Г. Сванқұлованың осы тақырыпқа жасаған баяндамасы қалалық мәслихат депутаттарының қызу пікірталасына ұласты.
Білім мен ғылым | Қаралды: 628 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 02.09.2010 | Пікірлер (0)

Өнеге

Ұлағатты ұстаз

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – кез келген адамға бұйыра бермейтін бақ. Жан жылуын, бар білімін баланың бойына сіңіріп, әр оқушысының үлкен өмірге оқып-тоқыған азамат болып аттануына зор үлес қосатын мейірбан жүректі ұстаздарымыз аз емес. Солардың бірі қаламыздағы №26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің мұғалімі Айман Қалиқызы Қалиева. Көп жылдан бері осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сынып циклі жөнідегі оқу ісі меңгерушісі болып қызмет атқарып жүрген Айман апай ұжымның да мақтанышы.

Оның әр ісінен шығармашылықты, жоғары педагогикалық білік пен ізденімпаздықты көре аласың.
Білім мен ғылым | Қаралды: 3327 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 02.09.2010 | Пікірлер (0)

Жағымды жаңалық

Қазақ сыныптары көбейді!

Сүйінші! Биыл №11 мектеп биыл толық қазақшаланатын болды, ағайын! Бұл мектепте бұдан былай 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін тек қана қазақ тілінде білім беріледі. 2011 жылы аталмыш мектеп өзінің қазақ сыныбын бітірген алғашқы қарлығаштарын ұшырады.
Білім мен ғылым | Қаралды: 443 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 26.08.2010 | Пікірлер (4)

1-11 12-12

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017