Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Білім мен ғылым

Қазақ сыныптары көбейді!

Сүйінші! Биыл №11 мектеп биыл толық қазақшаланатын болды, ағайын! Бұл мектепте бұдан былай 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін тек қана қазақ тілінде білім беріледі. 2011 жылы аталмыш мектеп өзінің қазақ сыныбын бітірген алғашқы қарлығаштарын ұшырады.

№23 орта мектепте қазір қазақ тілінде білім беретін 1-сыныпқа балдырғандар қабылдануда. Сыныпқа бала толық жиылса, мемлекеттік тілде оқитын алғашқы қазақ сыныбы алға адымдап, мектеп аралас тілде оқытатын мекемеге айналады деген үмітіміз бар.

Тағы бір тамаша жаңалық: Бозшакөлдегі қандастарымыздың талай жылғы армандары орындалып, қазір мектеп тарихындағы алғашқы қазақ сыныбына балаларды қабылдау жүріп жатыр. «Сыныптың нақты ашылған-ашылмағаны 5 қыркүйекте белгілі болады»,- дейді білім бөлімінің мамандары. Осылайша, аралас тілде сабақ беретін мектептер қатары 16-дан 18-ге көбейерінен үмітті болып отырмыз.

Жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық білім бөлімі жария еткен бұл мәліметтер ұлт болашағына бей-жай қарамайтын жұртшылықты қуантарлықтай екен.

Енді өткен оқу жылында мектеп тәмамдаған түлектердің жетістіктеріне үңіліп көрелік. Биыл ҰБТ тапсырған 815 түлектің 289-ы мемлекеттік білім гранттарына қол жеткізса, соның 20-сы – ауыл мектебінде оқығандар. Грантқа ие болғандар қатарында Қарасор, Төртқұдық, Екібастұз орта мектептері мен қаланың №21 мектебі, 22 гимназия-мектеп және №25 қазақ қыздар гимназиясы алғы шептен көрінді. Ал 6 бірдей мектептің түлектері гранттан құр қалды. Білім бөлімі мамандарының айтуынша, 2008-2009 оқу жылымен салыстырғанда, грантқа ие болған түлектердің саны арта түскен.

Ж. ҚАДЫРОВА

Санат: Білім мен ғылым | Қосқан: Отарка (26.08.2010)
Қаралды: 481 | Пікір: 4 | Тегтер: Қаза сыныптар, грант, Білім, түлек, мектеп | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Отарка   (26.08.2010 19:28)
Қуантарлық жайт, тек орыс мектептерде қазақша сынып ашқанмен пайда жоқ сияқты. Онда бәрі бірде орыс!

Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017