Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Білім мен ғылым

Балаларды шынықтырған шара

Дәстүр бойынша жаздың аяғында «Екібастұз» қоғамдық қоры «Жаңа толқын» спорт фестивалін ұйымдастырады. Биыл сегізінші рет өткізілген фестиваль 19 тамыз күні «Шахтер» саябағын ән мен жырға, көңілді биге бөледі. Мұнда спортсүйер 400-ге тарта бала 39 команда болып өзара күш сынасып, жүйріктерді, күштілер мен ептілерді анықтады. Ал фестивальдің басты ұраны «Диабетке жол бермейік!» болды.

 Аса қатерлі аурулардың бірінен саналатын диабеттің алдын алу акцияларын өткізгенде «Екібастұз» қоғамдық қоры қалалықтардың қан құрамындағы қант мөлшерін анықтау шараларын да үнемі жүргізеді. Бұл жолы да саябаққа кіреберісте дәрігерлер қалалықтардың қан қысымын тексеріп, қанындағы қант мөлшеріп анықтап отырды. Фестиваль басталғанша сараптамадан 50-ге тарта адам өтсе, олардың 14-інің қанында қант мөлшерден жоғары болыпты. Қант мөлшері тым жоғары болған үш адамға эндокринолог маманмен кеңесуге жолдама берілді.

 Фестивальдің салтанатты ашылуында «Екібастұз» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қарашаш Омарова, қалалық спорт бөлімінің бастығы Зейнеп Нұркенова құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды денсаулық кепілі – салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Құттықтаушылардың жалынды сәлемін қабыл алған кішкене спортшылар жарыс алаңшаларына асықты.

 Жылдағыдай фестивальде қаламыздың барлық балабақшалары, аула клубтары мен «Альтернатива», «Накорми голодного ребенка» қоғамдық қорлары, сонымен бірге қалалық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімше тіркеуінде тұрған балалары бас қосты. Балалар қашықтыққа жүгіріп, түрлі эстафеталарды бағындырды. Небір кедергілерден өтіп, қажырлылық танытты. Балаларын қолдай келген ата-аналар да ойындарға белсене араласып, өзара бәсекеге түсті.  Саябақты бір сәтке олимпиада қалашығына айналдырған дода соңында жеңімпаздарға сыйлықтар тарту етілді.

Ұйымдастырушылар қызықты думанды тамашалаған жұртқа диабет дерті туралы толыққанды мағлұмат беретін билбордтар ілген. Осы күні  «Қайнар» орталығындағы «Балдәурен» балалар республикасының тұрғындары қала көшелерін аралап, диабет жайлы үнпарақтар таратты.

Айнұр МЕЙРАМОВА

 

Санат: Білім мен ғылым | Қосқан: Отарка (26.08.2010)
Қаралды: 438 | Тегтер: Екібастұз қоғамдық қоры, салауатты өмір салты | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017