Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Білім мен ғылым

Мамандары мақтауға лайық

Қосым Пішенбаев атындағы №18 кәсіптік лицейі осы жазда 201 оқушымен толығыпты. Енді мұнда жаңа оқу жылында  554 оқушы 9 мамандық бойынша кәсіптік білім алмақшы. Ел Конституциясының 15 жылдығы мен Білім күніне арналған салтанатты жиында сап түзеген оқушылар алдында кәсіптік лицей директоры З.С. Молдахметов пен Көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының Екібастұз аумақтық  кеңесінің төрағасы Н.И. Попов жиналған қауымды құттықтап, жас жеткіншектерге терең білім алып, өз кәсібінің білікті маманы болып шығуы жолында сәттіліктер тіледі. Осы орайда айта кету керек, кәсіптік лицей түлектерінің басым бөлігі Екібастұз кеніштерінде еселі еңбегімен көрініп жүр. Олай болса, мұндай маман жұмысшыларды дайындауда көзге түскен оқытушылар мен өндіріс шеберлері құрметтеуге әбден лайық. Салтанатты жиын қонағы Н.И. Попов аталмыш оқу орнының бірқатар ұстаздарына ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» белгілерін, Көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы Орталық комитеті мен Көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының Екібастұз аумақтық кеңесінің грамоталарын табыс етті. Ал кәсіптік лицей директорының өңіріне «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» төсбелгісін қадады.

Өткен оқу жылында кәсіптік лицей 208 жас маманды әзірлеп шығарса, соның 24-і үзік диплом алыпты. 16 түлек алған білімін институттар мен колледждерде ұштауды ұйғарса, жалпы кәсіптік лицей түлектерінің 80 пайызы жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастап та кетіпті. Бұл да болса, білікті педагогтар еңбегінің жемісі. Салтанатты жиында кәсіптік лицей директорының орынбасары С.С. Аубакироваға, оқытушы Г.Ж. Садықоваға Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, ал оқытушы Д.Н. Сәрсенбаеваға Павлодар облысы білім басқармасының Алғыс хаты тапсырылды.

Осыдан кейін қала әкімінің атаулы шәкіртақысын алушы №55 топ оқушысы А. Кривоносенко мен ІІІ Республикалық «Бірлігіміз жарасқан» патриоттар фроумына қатысқан №60 топ оқушысы И. Просянкина сап алдында Білім алауын алып өтіп, бірінші курс студенттері ант берді. Биыл оқуға қабылданған Әсем Қараталова алғашқы қоңырауды соққан соң, кәсіптік лицей оқушылары Білім сабағында дәріс алуға отырды.

Ж. ЖӘЛЕЛҰЛЫ  

Санат: Білім мен ғылым | Қосқан: Отарка (02.09.2010)
Қаралды: 524 | Тегтер: Кәсіптік лицей | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017