Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Білім мен ғылым

Тамыз конференциясы - 2010 Міндеттер мен межелер белгіленді

26 тамызда Екібастұз өңірінің ұстаздары бас қосып, дәстүрлі Тамыз мәслихатын өткізді. Енді басталар 2010-2011 оқу жылының басты бағыттарын айқындап, өңір мектептерінің әлеуетін сөз етті. Алдағы жоспарлар, алар асулар белгіленді.

Білім берудегі маңызды аспектілерді алдын ала түрлі секцияларда талқыға салған мұғалімдер қауымы пленарлық бөлімде жалпыға ортақ мәселелерді қозғады. Конференцияның пленарлық бөліміне облыс әкімінің орынбасары Әлия Қайратқызы Ғалымова қатысып, облыстық тамыз мәслихатында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың аймақ мұғалімдерінің алдына қойған басты басты міндеттерді қадап айтты. Олар – «Балапан» бағдарламасына сәйкес өңірде мемлекеттік емес балабақшалар ашу, азкомплектілі мектептерді білікті кадрлармен қамту, бұқаралық спортты дамыту, жастар тәрбиесі, т.б.

Бұдан соң білім бөлімінің бастығы Г.Сванқұлованың, «Қайнар» білім беру және бос уақытты өткізу орталығының әдіскері С.Құдайбергенованың, №15 «Бөбек» эстетикалық тәрбие беретін балабақша меңгерушісі Т.Романенконың баяндамалары тыңдалды.

Мұғалімдер мәжілісіне қатысқан қала әкімі Нұрлан Нәбиев те өңір мектептерінің  проблемаларын тілге тиек етіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Конференцияның екінші бөлімінде өткен оқу жылында жемісті еңбек етіп, білім биігінен көрінген ұстаздар марапатталды.Облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова Ақкөл орта мектебінің директоры, ардақты ұстаз Қанат Жандарбекұлына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ облыс әкімінің атынан дарынды балалармен жұмыста үлкен жетістіктерге қол жеткізген №2 жалпы орта білім беретін  мектептің тарих пәні мұғалімі Әтіркүл Оспановаға бағалы сыйлық – музыкалық орталықты, №1 лицей-мектебінің тарих пәні мұғалімі Алма Салмақоваға –ноутбук, №6 балабақша тәрбиешісі Марина Ивановаға музыкалық орталық тарту етті.

Ал қала әкімі Нұрлан Нәбиев №18 қазақ орта мектебінің мұғалімі Гаухар Серіковаға, №22 гимназия-мектебінің мұғалімі Қазкен Орымбаеваға, №1 лицей-мектебі директорының орынбасары Валентина Гупалоға Құрмет грамоталарын тапсырды. Қала әкімінің Алғыс хаты №2 орта мектеп мұғалімі Сәуле Мұсабековаға, «Үміт» балалар үйінің музыкалық жетекшісі Наталья Климоваға, №8 «Теремок» балабақшасының әдіскері Ольга Шмидтке жолданды.

Конференцияның құрметті қонағы қалалық мәслихат хатшысы Ғалия Балтабекова Майқайың мектебінің директоры Несібелді Молдағалиеваны, №3 «Гнездышко» балабақшасының әдіскері Галина Шеянованы, №11 орта мектеп директорының орынбасары Әмина Сәбитованы, жасөспірімдерге арналған баспана директоры Айман Бралинаны Құрмет грамоталарымен марапаттады.

№22 гимназия мектебінің мұғалімі Гүлбақыт Салықова, Глинка атындағы музыка мектебінің балалар хоры бөлімінің жетекшісі Екатерина Геслер облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарына ие болды.

Алқалы жиында өткен оқу жылы қорытындысы бойынша Екібастұз өңірі мектептері арасында үздік деп танылған білім ордалары мен олардың ұстаздары анықталды. «Олимпке апарар мектеп», «Үздік білім ордасы», Шығармашылық шың», «Жарық жұлдыздар», «Мейірім мектебі», т.б.  аталымдарын қалалық білім бөлімінің бастығы Гүлнәр Сванқұлова табыстады. Жүлдегерлерге марапат қағаздар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

А.ЗАЙЫРГЕЛДІ

 

Санат: Білім мен ғылым | Қосқан: Отарка (02.09.2010)
Қаралды: 1070 | Тегтер: Тамыз конференциясы, жас маман, Білім, бала бақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017