Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Білім мен ғылым

Жаңарған мектептегі жадыраңқы күн

Биылғы жаңа оқу жылы Солнечный қалашығындағы №16 орыс орта мектебінің 410 оқушысы үшін ерекше шаттықпен басталды. Өйткені іргесі қаланған 23 жылдың ішінде бірде-бір күрделі жөндеу көрмей, төбеден аққан судан жапа шегіп келген білім ошағының шатыры жаңартылды. Жертөледегі жылу құбырлары, шамдары мен терезелері алмастырылды. 

«Жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген 35 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын «АйтСтрой» ЖШС-і (Ж. Киреев) жүргізді. Мектеп терезелерінің 20 пайызы пластикалық әйнектерге ауыстырылды. Әсіресе, жақтауларының тозығы жетіп, жел гулейтін терезелер жаңаланды. Мектеп ішіне бұрын болмаған 9 дәлізаралық есік орнатылды. Едені мен қабырғасы сырланған спортзалдың шамы да самаладай жарқырайды. Акт залындағы еденнің бүлінген тұстарын мердігерлер өз күштерімен қалпына келтіріпті. Ал информатика кабинетіндегі жөндеу жұмыстары «МАЭС-2» кәсіпорнының күшімен жүзеге асқан. Білім бөлімі тарапынан қарастырылған 2 млн. теңгеге де мектеп бірқыдыру жөндеу жұмыстарын тындырған. Енді білім ошағының қасбетін жөндеуді қолға алу келер жылдың еншісінде.

1-қыркүйек күні алғашқы қоңырау мерекесіне қатысқан қала әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өз сөзінде:  

-Бүгінгі дәрежеге еліміз Конституцияның арқасында жетті. Биыл еліміз Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде. Алдағы уақытта Қазақстанда осы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті өткізіледі деп күтілуде. Осының өзі еліміздің әлем алдындағы ара салмағын көрсетеді. Биыл білім саласында 2020 жылға дейінгі жаңа бағдарлама қабылданды. Оның ойдағыдай жүзеге асуы мұғалімдерге байланысты,- дей келе, ұстаздар қауымына табыс тіледі.     

Салтанатты жиында «МАЭС-2» кәсіпорнының өкілі М. Ф. Мусина, «Нұр Отан» ХДП-ның Солнечныйдағы бастауыш партия ұйымы төрағасы А. Нұртазаев мектеп оқушылары мен ұстаздарды білім күнімен құттықтады.  

Мектеп директоры Нұрлыбек Мергенбаев өз тарапынан білім ордасын күрделі жөндеуден өткізуге көңіл бөлген қала әкімшілігіне шынайы алғысын білдірді.

Сонымен алғашқы қоңырау да соғылып, 21 жас бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.

Мектептегі 14 компьютер мен 9 интерактивті тақта шәкірттерге заман талабына сай білім алуда септігін тигізбек. Мектеп басшысы ұстаздар ұжымының физик, психолог және екі бірдей информатика маманымен толыққанын қуана жеткізді. Оның айтуынша, өткен оқу жылында осы мектептің 3 түлегі грантпен жоғарғы оқу орнына түскен.

№ 16 орта мектеп «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту орталығы тарапынан «Жазғы демалысты сәтті ұйымдастырған үздік мектеп» аталымын иеленіп, «Балаларды демалыс кезінде еңбекпен қамтыған мектеп» мақтау қағазын алыпты.  

Рауза МҰСАБАЙ      

 

Санат: Білім мен ғылым | Қосқан: Отарка (02.09.2010)
Қаралды: 546 | Тегтер: МАЭС-2, мектеп | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017