Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Елтану

Француздар мен ағылшындардың Канадада пайда болуы

 

Француздардың Канадаға енуі XVI ғасырдың бас кезінде басталды. І Франциск патша Жак Картье экспедициясын алтын іздеуге аттандырады. Ол 1534 жылы Қасиетті Лаврентий шығанағын зерттейді.

3 жылдан кейін Қасиетті Лаврентий өзенінің бойымен жоғарыға бойлай отыра бүгінгі Монреаль қаласына табан тірейді. Ол ашқан Картье жері француз монархтарының иелігі деп жарияланады. 1663 жылы Канада жерлері ресми түрде француз колониясы деп танылып, онда патша резиденциясы орнығады.

Ағылшындар да Канадаға орнығуға күш салады. 1583 жылы  Ньюфаундленд, 1620 жылы Жаңа Шотландия ағылшындардың колониясына айналады. Канаданың солтүстік жағалауында британ аң терісін саудалау компаниясы әрекет етеді.

 

Канадаға ұқсамайтын Квебек

«Квебек» ирокез тілінен аударғанда «өзен арнасы тарылған жерде» деген мағынаны білдіреді. Осы атауды француз зерттеушісі Сэмуэль де Шамплен 1608 жылы өзі іргетасын қалаған қалаға берді.

Квебек провинциясын француз колониясы мекендеді. 1756-18763 жылдар аралығындағы жетіжылдық соғыстан кейін Франция өзінің Солтүстік Америкадағы иеліктерінен айырылады. Солтүстік Америкадағы француздар мен олардың ұрпақтарына енді Англиядан келгендермен бірге тұруға тура келеді.

Квебек тұрғындарының басым бөлігі Франциядан шыққандар. Олар ағылшын, үндіс тілімен байыған ана тілін сақтап қалды. Канаданың үштен бір бөлігін құрайтын франкоканадалықтар өздерінің әдет-ғұрыптарын берік ұстанады.  

Квебек провинциясында тәуелсіздікке қол жеткізуге деген құлшыныс басым. Тіпті оның франкотілдес тұрғындары Канададан бөлініп, Квебек мемлекетін құруға талпынуда.  
Санат: Елтану | Қосқан: Отарка (13.08.2010)
Қаралды: 490 | Тегтер: Квебек, Канада, Француз провинция | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017