Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Мақалалар санаты: 21
Көрсетілген мақалалар: 1-11
Беттер: 1 2 »

Сұрыптау: Уақыт · Атау · Рейтинг · Пікір · Қаралған

Республикалық акция

Жанұя жылуын аңсайды

Әншілік сахнаға бала күнінде қадам басқан Мейрамбек Беспаевтың «Бозторғай» әнін көзіне жас алмай тыңдаған жан болмас сірә. Тастанды жетімнің ұшқан құсқа айтқан зарлы әні құйқа тамырыңды шымырлатып, көпке дейін құлағыңнан кетпейтін...
Әлеумет | Қаралды: 3572 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 23.09.2010 | Пікірлер (0)

Республикалық акция

Сәбиді қуантып, сауабын ал!

Бүгінде Павлодар облысындағы балалар мен сәбилер үйінде, жетім балалар тәрбиелейтін интернаттарда жетім, әке-шеше қамқорлығынсыз қалған  700-ге тарта (оның 101-і – Екібастұз балалар үйінде, жасөспірімдер баспанасында) бала тәрбиеленуде. 700-дей жаралы жүрек жақын-туыстың аялы алақанына зәру боп өсіп келеді. Әрқайсысы жанұя жылуын аңсап, жақындарымен табысатын жарқын күндерді армандауда. Періштедей пәк бала арманын жүзеге асырып, оған қуаныш сыйлау – сауапты іс.
Әлеумет | Қаралды: 560 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Көрме

Күз кереметтері


Соңғы жылдары қаламызда ұйымдастырылып жүрген саяжай өнімдері көрмелері жұрттың қызығушылығын тудыруда. Өйткені дәмін айтпағанның өзінде, кейбір көкөністердің басқа бір затқа ұқсап біткен сыртқы көріністерін тамашалаудың өзі қызық.

Өткен сенбіде муниципалдық базарда «Күз тартулары» атты ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесі өтті. Көрмеге кішкентай қарбыздар, кәді, қырыққабат, күнбағыс, басқа да көз жауын алған өнімдер қойылған.
Әлеумет | Қаралды: 1557 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 17.09.2010 | Пікірлер (0)

Үйлестіру кеңесінде

Жастар саясатында жүйе жоқ...

Қалалық әкімдіктің үйлестіру кеңесінде жастар саясатын жүзеге асырудың жай-күйі сөз болды. Аталмыш тақырыпқа Шідерті кентінің әкімі Жасұлан Сәдуақасов пен Теміржол ауылдық округінің әкімі Ерлан Қасеналин баяндама жасап, «Дипломмен – ауылға» республикалық акциясының аяқ алысы, жастардың өнер мен спорттағы жетістіктері, басқа да жайттарды тілге тиек етті. Соның бір-екеуін атап өтер болсақ, «Жол картасы» аясында Шідерті кентінен 25 адам «Отан» ҚБ біріккен кеңесінің филиалында «ВС» жүргізуші санатына кәсіптік бағдарлау курстарынан өтіп, 10 адам хатшы-референт курсын тәмамдаған. Теміржол ауылдық округіне қарасты Құлакөл ауылында жоғары сынып оқушыларының мектеп медбикесімен бірігіп «Жас дәрігер» тобын құрып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүргені – құптарлық бастама. 
Әлеумет | Қаралды: 618 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Салауатты өмір салты

 ТАҒЫ БІР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

 Балалардың бос уақытын мағыналы өткізіп, дене еңбегімен айналысуында өз ауласындағы ойын алаңының маңызы зор. Биылғы жылы қаладағы 6 муниципалдық округте ойын алаңын жабдықтауға бюджеттен қаржы қарастырудың орайы келген еді. 

Әлеумет | Қаралды: 934 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Сізге қалай қызмет етеді?

Жолаушылар №22 маршрут қызметіне наразы

 8 қыркүйек күні таңғы сағат 8.33-тің шамасында «Өнер» ҚМО аялдамасынан №22 автобусқа отырып едім, өзім сияқты жұмысқа асығып тұрған жолаушылар автобусқа кірер-кірместен жүргізуші мен кондукторға дүрсе қоя бергені.

- Автобус күткенімізге бырсыпыра болды. Осы маршруттың кесірінен қашанғы жұмысқа кешігуіміз керек?- деген жолаушылардың жанайқайларынан бұл маршрутқа өкпелі адам жалғыз мен ғана емес кенімді ұқтым.
Әлеумет | Қаралды: 425 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Сіз білесіз бе?

Жаңа қызметтер жаныңызға жақса...

Қала ішіндегі маршруттық автобустарда Қазақтелекомның «ТМД елдеріне қоңырау шалу – 25 теңге, алыс шетелге қоңырау соғу – 45 теңге» деген құлақтандыруы жазылған парақшалар ілінгелі де біраз болды. Шетелде туыс-туғандары тұратын жерлестерімізді мұндай өзгерістер бір марқайтып тастады.

-Шілдеден бастап тарифтердің арзандағанына қатты қуандық. Ресейде қызым және басқа да туыстарым бар. Телефон байланысы екі есе арзандап, арқамыз кеңейді, бұрынғыдан гөрі ұзағырақ сөйлесіп, арқа-жарқа болып қаламыз,- дейді бұл өзгеріске ризашылық білдірген әріптесім Алма Қондыбайқызы.
Әлеумет | Қаралды: 421 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Жағымды жаңалық

ДҮНИЕГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ

Өте сирек кездесетін құбылыс. Егіз емес, әсіресе, дүниеге үшемнің келуі ілуде біреу ғана. Тамыздың соңына таман Солнечный кентінің тұрғындары Валентин мен Ксения Толмачевтар отбасында екі ұл, бір қыз дүниеге келді. Оған дейін де бір ұл мен бір қызы бар шаңырақ енді уілдеген сәби үніне толды.
Әлеумет | Қаралды: 541 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Құрылыс

Бергені көп бағдарлама

Биыл «Екібастұз қаласында 2006-2010 жылдары құрылыс индустриясы және тұрғын үй құрылысын дамыту» қалалық бағдарламасы өз мәресіне жетеді. Бүгінде қала тұрғындарының игілігіне айналып, келген қонақтардың да көңілінен шығып жүрген «Екібастұздың 50 жылдығы» көшебағы, бірнеше ауылдағы мал өлекселерін көметін орындар, қаламыздағы магистральдік су желілерінің қайта жарақталуы, басқа да көптеген құрылыстар – осы бағдарламаның жемісі.

Екібастұз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің бастығы Дүйсенбі Ескендіровпен арамызда өрбіген сұхбатымыз – бағдарлама аясында жүзеге асқан басқа да нысандар төңірегінде.
Әлеумет | Қаралды: 471 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 09.09.2010 | Пікірлер (0)

Қалалық әкімдікте

Салафиттер саны артқан

Күні кеше сақал қойып, шалбарының балағын тобықтан асырмай киген жігіттерге, етегі ұзын көйлек, бет-аузын хиджаппен тұмшалаған қыздарға тіксіне қарайтынбыз. Бүгін оған көзіміз үйренген бе, қалай? Соңғы кезде киім киісі өзгеше мұндай жастардың саны біздің қалада күрт көбейген сияқты. Бұл жағдайға қала әкімдігі де алаңдаулы.

27 тамызда өткен қала әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жанаргүл Төлеубаева өңірдегі діни ахуал жайлы ақпарат берді.  «Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар арасында салафизм идеологиясының белсенді таралуы конфессиялық орта мен ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына зор қауіп төндіруде»,-деген ол сақал өсіріп, шалбарын шорт киетін ерлер мен хиджап жамылған қыз-келіншектер салафизм бағытын ұстанатынын айтып өтті.
Әлеумет | Қаралды: 877 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 08.09.2010 | Пікірлер (0)

Салауатты өмір

«Денсаулық» пойызы – Құлакөлде

2 шілдеде «Нұр Отан» ХДП, Төтенше жағдайлар министрлігі және «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның бастамасымен елімізде «Денсаулық» пойызы өзінің сапарын бастаған еді.

Алдымен қарағандылықтарға қызмет көрсетіп, осы мерзім ішінде 29 стансыда 11181 адамға медициналық көмек көрсеткен пойыз 27 тамыз күні Теміржол ауылдық округінің орталығы - Құлакөл ауылына ат басын тіреді.
Әлеумет | Қаралды: 520 | Қосқан: Отарка | Уақыт: 02.09.2010 | Пікірлер (0)

1-11 12-21

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017