Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Ардагер теміржолшылар бас қосты

Теміржол муниципалдық округінің үгіт алаңында теміржолшылар күнін атап өту дәстүрге айналған. Өйткені қаладағы 1263 ардагер теміржолшының басым көпшілігі осы округте тұрады.

-Теміржолшылардың алдында инновациялық жобаларды енгізу міндеті тұр. Қаладағы «Таман» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жартылай жүк вагондар шығарыла бастады. Енді жыл сайын 2500 жартылай вагон пайдалануға берілетін болады. Ал үстіміздегі жылдың соңына дейін 254 жаңа жартылай вагон дайын болады. Теміржол саласын ел экономикасының қозғаушы күші дейтін болса, біз оны әр кез іс жүзінде дәлелдеу үстіндеміз,-деді жиында сөз алған Екібастұз станциясының бастығы Асқар Кәшкенбаев.

Қала әкімінің Теміржол муниципалдық округіндегі өкілі Д. Ғабдуллин, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. И. Белых, осы округтегі ардагерлер кеңесінің төрайымы Т. Попова, жергілікті мәслихат депутаты Л. В. Крыжановская да бейнетінің зейнетін көріп отырған теміржолшыларға жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік шара соңы «Атамұра» мәдени орталығының өнерпаздары мен № 4 «Березка» балабақшасы бүлдіршіндерінің өнеріне ұласты.

Р. МҰСАБАЙ

 

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (06.08.2010)
Қаралды: 396 | Тегтер: Теміржолшылар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017