Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Балаларға - сыйлық

Биылғы жылы тұңғыш рет қалалық бюджеттен балалардың спорттық ойын алаңшаларын салуға қаржы бөлінді. Наурыз айында өткізілген мердігерлерді анықтау конкурсында «АзияСтрой» және «Атамекен ЛТД» ЖШС-тері жеңімпаз болып танылып, сәуір айында құрылыс жұмыстары басталып кетті.

6 муниципалдық округте бой көтерген спорттық ойын алаңшаларының құрылысына 13 млн. 500 мың теңге қаражат жұмсалыпты. Биік дуалмен қоршалған алаңшалардың футбол және волейбол алаңқайлары, турниктері мен әткеншектері алыстан көз тартады.

Спорт күні ашылғалы тұрған ойын алаңшаларына қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Спортсервис» МҚК-і иелік ететін көрінеді. Қыркүйек айынан бастап аталмыш кәсіпорын штатқа 6 әдіскер маманды қабылдамақ.

-                     Қалалық бюджет нақтыланған кезде осы мамандарға еңбекақы төлеуге 900 мың теңге бөлінді. Олар қала әкімінің әр округтегі өкілімен қоян-қолтық жұмыс істейтін болады,- дейді қалалық спорт және денешынықтыру бөлімінің бастығы Зейнеп Нұркенова. – Спорт алаңшалары бүгінгі таңда ең қажетті деген жабдықтармен қамтамасыз етілді. Алаңшалардың қаламыздың кішкентай тұрғындарын салауатты өмір салтына баулып, спортқа деген қызығушылығын арттыратындығына сөз жоқ.

Ж. ҚАДЫРОВА

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 370 | Тегтер: СПОРТ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017