Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

ДҮНИЕГЕ ҮШЕМ КЕЛДІ

Өте сирек кездесетін құбылыс. Егіз емес, әсіресе, дүниеге үшемнің келуі ілуде біреу ғана. Тамыздың соңына таман Солнечный кентінің тұрғындары Валентин мен Ксения Толмачевтар отбасында екі ұл, бір қыз дүниеге келді. Оған дейін де бір ұл мен бір қызы бар шаңырақ енді уілдеген сәби үніне толды.

№ 16 мектептегі информатика пәнінің мұғалімі Ксения жүктіліктің алғашқы айында-ақ перзентханадағы ультрадыбыстық тексеру нәтижесінде үш сәбилі болатынын білгенде абыржығанымен, кейін сабыр тауып, Астанада босануды жөн көреді. Мезгілі жеткенше қаладағы №2 емханадағы гинекологтың жіті бақылауында болады. Ксения Елордаға № 2 емхана тарапынан бөлінген арнайы көлікпен жеткізіледі. Сөйтіп, ол үшемді республикалық ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында дүниеге әкелді.     

-Балаларым өмірге аман-сау келді. Өзімді жақсы сезінемін. Ұлдарым Эрнест пен Виленнің салмақтары 2800, қызым Элен-1700 гр,-дейді аяқ-қолын бауырына алған ана. 

Екібастұз қаласынан педиатр, поселкеден медбике аптасына екі рет ат ізін салып, сәбилердің жетілуін бақылауда ұстауда.

Кеуде сүті үшеуіне бірдей жетпейтін Ксенияға денсаулық бөлімі әзірге 30 қорапша сәби тағамын беріпті. МАЭС-2 кәсіпорнында слесарь болып жұмыс істейтін күйеуі Валентин екеуіне сәбилерін бағу оңайға тиіп отырған жоқ. Бала арбасы да артықтық етпес еді. Бірақ дәл қазір памперс ауадай қажет көрінеді. Оның бәріне 10 жыл бойына пәтер жалдап, 3 бөлмелі пәтерге банктен алған несие арқылы қол жеткізген жас отбасының мүмкіндігі шамалы.

Бүгінгі таңда үшемнің әкесінің жұмыс орны 130 мың тг., «Екібастұз» қоғамдық балалар қоры бала арбасын сыйға тартуды ниет етіп отыр. (Әкімшілік бұл жағын ойластыруда)

Бір қой қоздаса, бір түп жусан артық шығады» деген, көп балалы отбасы қамқорсыз қалмас деп сенеміз. 

   Рауза МҰСАБАЙ

 

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 530 | Тегтер: Денсаулық, сәбилер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017