Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

«Достық» ойын алаңы

№17 жалпы орта білім беретін мектепте үш маусым бойы «Достық» балалар ойын сауықтыру алаңы жұмыс істеді.

Ойын алаңында іс-шаралар әр түрлі бағытта жоспарланып өткізілді. Бағыттың бір түрі – балаларды сауықтыру. Оның ішіне шынығу-әуітте шомылу, спорттық сайыстар, таза ауадағы ойындар – күн сайын 30 минуттық дене шынықтыру жаттығулары, саяхат, «Солнечный» ауылына шығу, фитошайы, дәрумендендіру, көз ауруларын, жалпақ табан ауруларының алдын-алу жұмыстары қамтылды.

«Қауіпсіз дөңгелек» жобасы бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізілді: ойындар, әңгімелесу, сайыстар, викторина.

Күн сайын нақты бағыт бойынша жұмыс жасалды: «Кітап күні», «Шығармашылық күні», Туристер күні», «СӨС күні», «ЖЖЕ күні», және т.б.

Отрядтар арасында «Астана – алғашқы махаббатым» атты суреттер сайысы өткізілді. «ЖЖЕ білесің бе?» викторинасы, спорттық жарыстар, ойындар, эстафеталар ұйымдастырылды. Жоспар бойынша әуітке және Солнечный ауылына өзенге шомылуға бардық.

Осы маусымда балалар «Қайнар» орталығында өткізілген «Бағдаршамда демалыс жоқ» сайысына қатысып екінші орынға ие болды. Сонымен қатар балалар «Шахтер» паркіне саяхатқа шығып, топсеруендер ұйымдастырылды.

Видеозалында балалар қызықты кинолар мен өздерінің жақсы көретін мультфильмдерін тамашалады. Өткізілген іс-шаралар соңында балалар тәтті сыйлықтармен, затты сыйлықтармен және белсене қатысқандар мақтау грамотасымен марапатталды.

Балаларға өздері үшін өткізілген іс-шаралар ұнады.

Лагерь тәрбиешілері

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (06.08.2010)
Қаралды: 1877 | Тегтер: балалар ойын-сауық орталығы, Достық | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017