Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Күз кереметтері

Соңғы жылдары қаламызда ұйымдастырылып жүрген саяжай өнімдері көрмелері жұрттың қызығушылығын тудыруда. Өйткені дәмін айтпағанның өзінде, кейбір көкөністердің басқа бір затқа ұқсап біткен сыртқы көріністерін тамашалаудың өзі қызық.

Өткен сенбіде муниципалдық базарда «Күз тартулары» атты ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесі өтті. Көрмеге кішкентай қарбыздар, кәді, қырыққабат, күнбағыс, басқа да көз жауын алған өнімдер қойылған. Қысқыға әзірленген салаттар мен тұздалған көкөністер «қысқа дайынсың ба?» деп тұрғандай. Қымбатшылықтың әмірі бәсеңсімеген мынадай уақытта көрмені қызықтап қана қоймай, «осының бәрін неге өзім де өсірмеймін?» деген сұраққа да жауап іздегендейсің.

«Күз тартуларымен» көңілді жаулаған саяжайшылардың еңбектері еленіп, ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпатқа бөленді. Атап айтқанда, «Ягодка» саяжайынан келген Н.Карпова 1-орынға лайық деп танылса, 2-орын С. Келдібаевқа («Весна»), 3-орын Л.Бархатоваға («Энергостроитель») берілді. Сонымен қатар, Т.Черевко мен З.Тимошенкоға көрмеге белсенді қатысқаны үшін марапатхат тапсырылды.

Ж. БАЙМЫРЗА

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (17.09.2010)
Қаралды: 1485 | Тегтер: Күзгі көрме | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017