Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Мектепке жол акциясы

«Мектепке жол»

Акция жалғасуда

1 тамыз – 30 қыркүйек аралығын қамтитын республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл үшінші жыл жалғасуда. Күнкөрісі төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қолдауға бағытталған акцияның көздегені -  әлеуметтік жағдайлар салдарынан 1 қыркүйекте мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларды сабаққа дайындау.

Аталмыш акция аясында өткен оқу жылында Екібастұз аймағының елді мекендеріне, саяжайлары мен фермаларына, жекелеген шаруашылықтарына рейдтер жүргізіліп, «тәуекел тобына» жататын 6 бала анықталған еді. Рейдтер сондай-ақ, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен балаларды, олардың мекенжайларын тізімдеуге мүмкіндік берді.

Өткен жылы акция шеңберінде ұйымдастырылған түрлі шараларға демеушілерден 113,55 мың теңге бөлінді.

Негізінен оқуға қамтылмаған балаларды нысағана алған акция кезінде осындай 4 бала анықталып, оның 3-еуі мектепке қайтарылды.

2010 жылғы 2 тамызда мектеп басшылары бас қосқан жиында осы акцияға байланысты әдістемелік нұсқаулар берілді. Ішкі істер бөлімінен келісілген кесте бойынша сағат 21.00-24.00 аралығында рейдтер жүргізіліп отырады. 4 тамызда өткен рейд кезінде тағдырлары тәлкекке түскен ағайынды үш бала анықталды. Олардың екеуі қазір ауруханада емделуде, ал үшіншісі әжесінің қолына тапсырылды. Балалардың анасына іздеу салынды.

Акция аясындағы шаралар жоспарында мектепке дайындығы жоқ балалар жайлы мәліметтер құрастыру да қарастырылған. Сондай-ақ білім беру мекемелерінің жетекшілеріне кәсіпорындар басшыларына көмекке мұқтаж балаларға қолдау сұрап хат жазуға кеңес берілген.

С. Бугумбаева, білім беру бөлімінің бас маманы    

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 3812 | Тегтер: Мектепке жол акция, Білім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017