Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Сәбиді қуантып, сауабын ал!

Республикалық акция

Сәбиді қуантып, сауабын ал!

Бүгінде Павлодар облысындағы балалар мен сәбилер үйінде, жетім балалар тәрбиелейтін интернаттарда жетім, әке-шеше қамқорлығынсыз қалған  700-ге тарта (оның 101-і – Екібастұз балалар үйінде, жасөспірімдер баспанасында) бала тәрбиеленуде. 700-дей жаралы жүрек жақын-туыстың аялы алақанына зәру боп өсіп келеді. Әрқайсысы жанұя жылуын аңсап, жақындарымен табысатын жарқын күндерді армандауда. Періштедей пәк бала арманын жүзеге асырып, оған қуаныш сыйлау – сауапты іс. Елімізде үстіміздегі жылдың шілдесінде басталған «Қуан, сәби» республикалық акциясының мұраты да жетімдер үйіндегі балаларды арманына жеткізу - әр баланы қамқор болар жандармен табыстырып, олардың отбасы жылуын сезінуіне жағдай жасау.

Өңірлік «Қуан, сәби!» акциясы 17 қыркүйек күні сағат 11.00-де «Қайнар» ББК-нің мәжіліс залында Павлодар облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің, Екібастұз қалалық білім бөлімі мен «Қайнар» балалардың бос уақытын өткізу кешенінің ұйымдастыруымен өткізілмек. Оған тастанды балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын кез келген мейірбан жан қатыса алады. Сонымен бірге шараға бала асырап алуға ниет білдірген қалалықтар, патронат отбасылар шақырылып отыр.

Ата-анадан айырылып, жетім қалған балаға қолдау көрсетемін, қамқорлығыма аламын деп бекінген азаматтар болса, бала асырап алу, патронатта тәрбиелеу сияқты мәселелер бойынша Екібастұз қаласы білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық бөлімшесіне хабарласуларына болады. Бөлім телефондары: 77-16-83, 77-16-92.

Сәбилерді қуантып, сауабын алуға асығыңыздар, ағайын!

А.АХМЕТ

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (17.09.2010)
Қаралды: 518 | Тегтер: Исабек ишан, Ақкөл Жайылма | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017