Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Саяжайдан жеткен салтанат

«Шахтер» мәдени-демалыс саябағында жыл сайын өтетін саяжай өнімдері көрмесіне қатысушылар биыл аз болды. Әйтсе де көрмеге бесінші жыл қатысып отырған Любовь Рузанова өзінің жан-жақты дайындығымен қатысушылардың сиректігін білдірмей жіберді. «Весна» саяжайында жұбайы Валериймен бірге жаз бойы аянбай тер төккен Любовь апай көрме сөресін түрлі-түсті раушан гүлдермен әспеттеп тастапты. Кәнігі саяжайшының көкөніс пен гүл өсіруге ғана емес, өзінің сүйікті ісі туралы өлең жазуға да бейімін байқап қалдық. Көрмеге арнап жазып әкелген шумақтарының арасында мерекелік құттықтаулар да бар.

-Биыл өсірген гладиолустарымның биіктігі өзімнің бойымнан да асып түсті,- Любовь апай өзінің гүлдері туралы сүйсіне әңгімелейді екен. Тіпті өзі раушан гүлдерінен өрген әдемілік әлемін суретке түсіріп әкепті. Саяжайда өткен әр жылдардан жиылған фотошежіре оның өсімдік әлемін қаншалықты сүйетіндігін айғақтап тұрғандай.

Ерлі-зайыпты саяжайшылар – Рузановтар әкелген өнімнің ішінен көлемі аса ірі кәді көзімізге түсті.

-«Бір биеден ала да туады, құла да туады» деген сияқты, бір тұқымнан өсіп шыққан бұл кәді басқалардан бір төбе болды,- дейді Любовь Рузанова. Любовь апай көршісі түрлі жемістерден әзірлеген тұнбаны ала келуді де ұмытпапты, «Күнде бір қасықтан ішіп отырса, ағзаның қорғаныш қабілетін арттырады»,- дейді ол.

«Союз» кооперативтік кәсіпорнынан келген Омаровтар отбасы көрмеге 8,5 килограмм тартатын ақ қауданды қырыққабат пен «Карапуз» қызанақтарын қойды. Картоп, қызылша, басқа да көкөністермен көмкерілген күзгі көрмеге қарап, саяжай ұстауға деген құмарлығымыз арта түсті.

Белсенді саяжайшылар «Шахтер» саябағы әкімшілігі тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ж. ӘБДІКӘРІМ

     

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (02.09.2010)
Қаралды: 394 | Тегтер: Саяжай, бау-бақшы, Шахтер саябағы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017