Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Салафиттер саны артқан. Пайдаланылмаған жер учаскелері қайтарылуда

27 тамызда өткен қала әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жанаргүл Төлеубаева өңірдегі діни ахуал жайлы ақпарат берді.  «Қазіргі уақытта жергілікті тұрғындар арасында салафизм идеологиясының белсенді таралуы конфессиялық орта мен ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына зор қауіп төндіруде»,-деген ол сақал өсіріп, шалбарын шорт киетін ерлер мен хиджап жамылған қыз-келіншектер салафизм бағытын ұстанатынын айтып өтті.

Қазақстанда салафиттер қозғалысы ұйым ретінде ресми тіркелмеген. Ж.Төлеубаеваның айтуынша, бұл бағыттағылар мешіт маңайына ұйысып, құлшылық жасағанымен, өздерін өзге мұсылманнан бөлектеу ұстайды.

Қалалықтардың, әсіресе жастардың заңға қайшы әрекет (ресми тіркелмеу де заң бұзу) етіп жатқан салафизмге мойынсұнуы қауіпті екені сөзсіз. Осы мәселеге айрықша тоқталған қала әкімі Нұрлан Нәбиев ресми органдарға жат пиғылды дін өкілдерін бақылаудан шығармауды тапсырды.

 

Пайдаланылмаған жер учаскелері қайтарылуда

Кеңейтілген мәжілісте бұдан өзге де төрт мәселе қаралды. Оның бірі - жер қатынастары бөлімінің бастығы Сансызбай Төлеубаев көп уақыт бойы пайдаланбаған және Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұза отырып пайданылған жер учаскелерін анықтау бойынша жүргізілген шаралар туралы ақпарат берді.

С.Төлеубаевтың сөзіне сүйенсек, тексеру кезінде жерді заңға сәйкес пайдаланбаудың бірталай фактісі айқындалған. Мәселен, Западная көшесі 22-1, 22 а, 36а, 36 б, 36 в; Пішенбаев көшесі, 179 а, Ақмола көшесі, 1 б, Королев көшесі, 64в, Жібек жолы көшесі 1 а, Бейбітшілік көшесі 1, Ленинградская көшесі, 27, Петренко көшесі, 25, 43ғ Мәшһүр Жүсіп көшесі 132-1, 132-2, Омашев көшесі, 30 мекенжайларындағы жер учаскелері кезінде жеке тұрғын үй салуға берілген екен. Алайда ол учаскелер әлі де бос жатқан сыңайлы. Бөлім мамандары аталған учаскелердің мақсатты пайдаланылмауы себепті қала әкімінің үй салуға рұқсат беру қаулысының күшін жою туралы қаулы жобасын әзірлеуді қолға алған.

Ауылшаруашылық жерлеріның біразы да пайдаланылмай бос жатқаны белгілі болды. Әу баста 64 азамат шаруа қожалығын жүргіземін деп 33128 га жайылымдық жер, 2572 га егістік, 598 га шабындық жер алғанымен, учаскелерді қараусыз қалдырған. Қала әкімдігінің өткен жылдың 30 қыркүйегіндегі №56 қаулысына сәйкес аталған ауылшаруашылық учаскелері қаланың жер қорына қайтарылған. Оған қоса екі жылдан бері пайдаланылмай келген алаңы  95722 га болатын 71 ауылшаруашылық нысанындағы жер заңға сәйкес иесіз деп танылып, қайта есепке қойылған.

Сонымен бірге қала көлемінде құрылысы аяқталмаған 43 ғимараттың иелерін жауапқа тарту үшін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі ҚР аймақаралық жер инспекциясы агенттігіне хат жолданған.

Қарап отырсақ, жүгенсіз кеткен жер пайдаланушыларды жолға қоюда біршама іс тындырылған. Жер пайдаланушылар да қарап отырмағанға ұқсайды. Бөлім бастығының үстінен жан-жаққа шағым жазып жатқан жайы бар. Ақпарат тыңдалған соң, қала әкімі осы жайды ескертті.

Айнұр МЕЙРАМОВА

 

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (08.09.2010)
Қаралды: 852 | Тегтер: Салафиттер, Діни бірлестіктер, жер улесілері., мешіт | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017