Елді мекен
атауларын өзгерткенде, оның табиғи ерекшеліктеріне баса назар аударған жөн бе
деп ойлаймын. Солнечный кентінде не өндіретіні, әрине, түсінікті. Десе де, түн
мезгілінде Кереку қаласы жақтан немесе Шідерті жақтан келе жатқанда, кент маңы
түрлі-түсті жарыққа боялатынын да ескерелік. Мұндай құбылыс кентке жарасымдылық
беріп тұрады. Осыған орай Солнечный кентін Шұғыла
немесеШамшырақ деп атаса қайтер
екен деген ой келді. Бұл - менің ғана пікірім. Бұдан да лайықтырақ атау
табылып жатса, құба-құп.