Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

ТАҒЫ БІР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Балалардың бос уақытын мағыналы өткізіп, дене еңбегімен айналысуында өз ауласындағы ойын алаңының маңызы зор. Биылғы жылы қаладағы 6 муниципалдық округте ойын алаңын жабдықтауға бюджеттен қаржы қарастырудың орайы келген еді. 

Сондай балалар спорт алаңы енді 20-шағын аудандағы Королев көшесі 80, 82 және 84 –үйлердің ауласында  ашылды. Бұл күні балалардың қуанышында шек болған жоқ. Қалай қуанбасқа! Футболды, волейбол мен баскетболды да алысқа бармай-ақ, өз ауласында ойнай береді.

Ойын алаңына орын қарастыруда әрине тұрғындар талабы ескерілген. Спорт және дене шынықтыру бөлімі мен «Спорт сервистің» тапсырысымен мердігер  «Атамекен ЛТД» ЖШС-і (В. М. Горбунов) ойын алаңының жан-жағын қоршап, құм төсеп, футбол қақпасы, волейбол сеткасы сияқты спорт жабдықтарын орнатқан. Алаңда спорт әдіскеріне доптар да табысталды. Ол өз кезегінде аула балаларының қатысуымен түрлі спорттық шаралар өткізуге ұйытқы болмақ.

Ашылу салтанатында сөз алған спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастығы Зейнеп Опабекова, мәслихат депутаты Мылтықбек Базарбаев және т. б. алаңның ашылуымен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.

Жиын аяқталысымен спорт алаңының ашылуын тағатсыздана күткен балалар дереу ойынға кірісті.

Өскелең ұрпақтың игілігі үшін ашылған спорт алаңы бүлінбей, тоналмай сақталса игі.

Р. МҰСАБАЙ

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 914 | Тегтер: салауатты өмір салты | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017