Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Жаңа қызметтер жаныңызға жақса...

Қала ішіндегі маршруттық автобустарда Қазақтелекомның «ТМД елдеріне қоңырау шалу – 25 теңге, алыс шетелге қоңырау соғу – 45 теңге» деген құлақтандыруы жазылған парақшалар ілінгелі де біраз болды. Шетелде туыс-туғандары тұратын жерлестерімізді мұндай өзгерістер бір марқайтып тастады.

-Шілдеден бастап тарифтердің арзандағанына қатты қуандық. Ресейде қызым және басқа да туыстарым бар. Телефон байланысы екі есе арзандап, арқамыз кеңейді, бұрынғыдан гөрі ұзағырақ сөйлесіп, арқа-жарқа болып қаламыз,- дейді бұл өзгеріске ризашылық білдірген әріптесім Алма Қондыбайқызы.

Рас, күн сайын байланыс саласына сан түрлі өзгеріс еніп жатыр. Бастапқыда терминал арқылы телефон ақысын төлеуден тартыншақтап, темір-терсекке сенімсіздік білдіргендей болғанымызбен, жаңа технологиясыз аттап баса алмайтын күйге жеттік.

Қазақтелеком қызметінде бұдан басқа да соңғы, соны жаңалықтар жетерлік көрінеді. Соның бірі – теледидар мүмкіндіктерін кең түрде, жаңа, яғни өзімізге қолайлы түрде ұсынатын ID TV қызметі.

ID TV – қалаған бағдарламаңды өзіңе ыңғайлы уақытыңда көруге мүмкіндік беретін интербелсенді теледидар қызметі. Мәселен, «Менің жазбаларым» қызметі абоненттерге телебағдарламалар тізбесін өзінің қалаған ретімен тізімдеп көруге жол береді. Ал «Виртуалдық кинозал» танымал фильмдерді өзіңіз алдын ала таңдаған кесте бойынша көрсетеді. «Кейінге қалдырылған көрсетілім» қызметі бойынша арнадан беріліп кеткен бағдарламаны сіз алдын ала тапсырыс бере отырып, тәуліктің өзіңізге қолайлы кезеңінде тамашалай аласыз. Есесіне, әр қызметтің белгіленген тарифі бар. Және бұл қызметтерге қол жеткізу үшін, алдымен телефоныңыз Интернет желісіне қосылған болуы керек және қажетті құрылғыларды сатып алуыңыз қажет. Қысқасы, ақшаңыз болса, «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деп, теледидар бағдарламаларын да ырқыңызға көндіруіңізге болады екен.

Ж. ӘБДІКӘРІМ    

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 396 | Тегтер: ID TV, интернет, Қазақтелеком | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017