Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Жастар саясатында жүйе жоқ...

Қалалық әкімдіктің үйлестіру кеңесінде жастар саясатын жүзеге асырудың жай-күйі сөз болды. Аталмыш тақырыпқа Шідерті кентінің әкімі Жасұлан Сәдуақасов пен Теміржол ауылдық округінің әкімі Ерлан Қасеналин баяндама жасап, «Дипломмен – ауылға» республикалық акциясының аяқ алысы, жастардың өнер мен спорттағы жетістіктері, басқа да жайттарды тілге тиек етті. Соның бір-екеуін атап өтер болсақ, «Жол картасы» аясында Шідерті кентінен 25 адам «Отан» ҚБ біріккен кеңесінің филиалында «ВС» жүргізуші санатына кәсіптік бағдарлау курстарынан өтіп, 10 адам хатшы-референт курсын тәмамдаған. Теміржол ауылдық округіне қарасты Құлакөл ауылында жоғары сынып оқушыларының мектеп медбикесімен бірігіп «Жас дәрігер» тобын құрып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүргені – құптарлық бастама.  

Дегенмен, қос әкімнің есебіне қала әкімі Нұрлан Нәбиевтің көңілі толмады. Ол соңғы уақытта жастар саясаты босаңсып кеткенін, жастарды бір мүддеге ұйыстыратын қоғамдық ұйымдардың жоқтығын сынға алды.

-                     Мектеп бітіріп кетіп жатқан түлектердің ары қарайғы тағдыры қалай өріліп жатыр, колледж түлектері жұмыспен қаншалықты қамтылуда? Жасалып жатқан қылмыстарда жастардың үлес салмағы қанша? Ешкім ештеңе білмейді! Өйткені бізде жастармен жүйелі жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Тіпті дағарадай спорт мектептерінің өздері қашан барсаң да, бос тұрады,- деген Нұрлан Абзалұлы салауатты өмір салтын ұстануда әкімдік қызметкерлерін өзгелерге үлгі болуға шақырды.- Сенбі күні денсаулық фестивалі өтеді. Онда да алаңға ұрандатып колледждер мен мектептерде оқып жүрген студенттер шығар. Ал жекеменшік кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастар неге мұндайда белсенді емес?

Қысқасы, «он екіде бір нұсқасы жоқ» деп танылған жастар саясаты тақырыбы алдағы уақытта қайта қаралмақшы. Бұл орайда ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аталмыш мәселеде жақсылап ойланып, аянбай тер төгулеріне тура келеді.

Ж. БАЙМЫРЗА   

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 592 | Тегтер: Жастар саясаты, ауыл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017