Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Әлеумет

Жолаушылар №22 маршрут қызметіне наразы

 8 қыркүйек күні таңғы сағат 8.33-тің шамасында «Өнер» ҚМО аялдамасынан №22 автобусқа отырып едім, өзім сияқты жұмысқа асығып тұрған жолаушылар автобусқа кірер-кірместен жүргізуші мен кондукторға дүрсе қоя бергені.

- Автобус күткенімізге бырсыпыра болды. Осы маршруттың кесірінен қашанғы жұмысқа кешігуіміз керек?- деген жолаушылардың жанайқайларынан бұл маршрутқа өкпелі адам жалғыз мен ғана емес кенімді ұқтым.

Рас, №22, 2 маршрут қызметінің қазіргі сапасы сын көтерерлік жағдайда емес. Автобустар, қашан күтсең де, төзіміңді тауысып, әрең келетінін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар ыңыранып жеткенше, басқа маршруттағылар қос-қостан өтіп кетеді. Оның үстіне, бұл маршруттың жұмысы кешкісін өзгелерден ерте аяқталатыны тағы бар.

...Әлгінде өзіміз сөз еткен автобус жүргізушісі:

-Маршруттағы әр автобустың уақыт арақашықтығы – 15 минуттан. Қазір айналымда 4-ақ көлік бар. Бесеу болған кезде 11 минут сайын жүріп отырамыз,- деп ақталған болды. Бірақ жолаушылар өздерінің аялдамада он бес минуттан да ұзақ тұрып қалғандарын айтуда. Мәселен, осы маршруттың күндегі тұрақты жолаушысы Любовь Леонидовна:

-Он бес минут қана тоссам, ренжімес едім ғой. Басқа автобустармен барайын десем, аялдамалары жұмыс орнымнан қашық. Ал ең қолайлы деген №22 автобус болса, «сенген қойым сен болсаң» дегеннің керін келтіреді,- дейді.

Жұмысқа келсем, әріптесім А.Ахметованың да №22 маршрутқа ашуы тарқамай жүр екен. Ол дәл осы бізді шулатқан автобустан бір кесте бұрынғысына мінсе керек.

-Геологическая аялдамасында тұр едім, №7 автобус өтті. Ол автобуста халық лық толып жүреді ғой, сондықтан аялдамада тұрғандардың біразы сыймай, оның ізінен сағат 8.38-тер шамасында келген №22 автобусқа мінбекші болды. Ал автобус жүргізушісі бір-ақ есікті ашты. «Басқа есіктерді неге ашпайсыңдар»?- десек, кондуктор: «Кісі көп»,- дейді. Керісінше, көп кісіге есік те көбірек ашылмаушы ма еді? Уақыт та үнемделмей ме? Былай қарағанда, бір есіктерін ғана ашып, адамдардың кіріп-шығар уақыттарын әдейі созып, өздеріне-өздері қолдан ыңғайсыздық жасап алатын сияқты,- деді ол.

Осыдан соң аталған маршрут қызметін қамтамасыз ететін «Нар-Транс» ЖШС-нің пайдалану бөліміне хабарластым. Айтпақшы, автобус ішіне ілінген парақшалардағы диспетчерлердің телефон нөмірлері ескі болып шықты. (Жүргізушілерге неге жолаушыларға арналған ақпараттарды жаңартпасқа?)

-          Рас, бұл маршрутта қазір көлік аз болғандықтан, қызмет сапасы мақтанарлықтай емес,- деп жауап берді автоколонна бастығы А.Б.Мұқышев.- Бірақ кемшіліктерді жөндеуге тырысамыз. Әр автобустың кесте бойынша араға 15 минут салып келетіні рас. Айналымдағы автобустар саны 5-ке жетсе, жағдай жақсарып, уақыт арақашықтығы 11 минут болмақ. Ал жүргізушілердің есіктерін ашпауы туралы мәселе қаралатын болады.

Ж. ӘБДІКӘРІМ         

 

Санат: Әлеумет | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 419 | Тегтер: автобус, маршрутт, Әлеуметтік мәселе | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017