Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Мәдениет

«Аманат» журналы - әлем әдебиетінің айнасы

«Аманат» журналына - 10 жыл

«Аманат» журналы - әлем әдебиетінің айнасы

Үстіміздегі жылы Абай халыкаралық клубы мен «Аманат» әлем халықтарының журналына 10 жыл толады. 2000 жылы әдеби-көркемдік және қоғамдық-саяси «Аманат» журналының бірінші саны шықты.

Белгілі жазушы және қоғам қайраткері, Абай халықаралық клубының Президенті, Мәдениет пен өнердің бүкіләлемдік академиясының академигі (Сан-Франциско қ-сы, АҚШ) Роллан Сейсенбаев «Аманат» журналының Халықаралық, қоғамдық кеңесінің торағасы болып табылады.

Бүгінгі күні «Аманат» журналын дуниенің 20-дән астам елі оқиды. «Аманат» журналының беттерінде әлемнің 40-тан астам әдебиеті жұртшылық назарына ұсынылады.

Абай халықаралық клубының басты мақсаты- әлем классикалық әдебиетін насихаттау. Бұл мақсат журналдың жарық көруімен ғана емес, сонымен бірге «Аманат» журналының 200 томнан тұратын Әлем халықтарының дүниежүзілік кітапханасы топтамасының шығуымен орындалады. «Аманат» журналының Әлем халықтарының дүниежүзілік басылымын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаев қолдап, қуаттады. Бүгінгі күні көркемдігі жоғары, сапалы әдебиеттің 100 томы басылып шықты. Кітапхана кітаптары әрқашан жоғары полиграфиялық деңгейде, дизайны өте жақсы қатты мұкабада басылып шығады. Солардың ішінде ұлы Абайдың «Қара сөздері» орыс, қазақ және ағылшын тілінде, Шәкәрімнің үштомдығы, Мәшһүр Жүсіптің «Ит дүниесі», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлендер жинағы және баска шығармалар жарық көрді.

Роллан Сейсенбаев Ресей  Премьер-Министрі Владимир Путиннің «Аманат» журналының Бүкілдүниежүзілік кітапханасына орыс әдебиетінің озық үлгілеріне орын беру жөніндегі тілегі жазылған хатын алды. Роллан Сейсенбаевтің айтуынша, «Аманат» журналының дүниежүзілік кітапханасының 20 томы орыс әдебиетіне арналады. Орыс әдебиетінің бұл топтамасын бірінші болып ұлы орыс жазушысы Лев Толстойдың соңгы жазған «Хаджи Мұрат» шығармасы ашады.

Бұдан басқа, Абай халықаралық клубы «Аманат» журналының Халық кітапханасын шығарады. «Аманат» журналы Халық кітапхананың кітаптары елімізде айтарлықтай танымал. Олардың бағасы арзан, мұнда әлемдік және қазақстандық әдебиеттің ұлы классиктерінің шығармалары орын алған.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің басшылығы ұлы әлемдік және қазақстандық көркем әдебиетті насихаттау жолындағы Абай Халықаралық клубының ізгілікті де ағарту кызметін қолдап, қуаттайды.

 «Аманат» журналының 10 жылдығы аясында «Аманат»  журналының жақындағы саны Павлодар облысына арналады. Мұнда облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, ПМУ, ПМПИ, Инновациялық Еуразия университеті ректорларының сөздері, сонымен бірге жас ақындар мен прозашылардың шығармалары басылады.

 

Марат Өтеубаев, «Абай халықаралық клубы» ҚБ-нің Екібастұз қаласындағы өкілі

 

Телефон: 34-50-31

 

 

 

Санат: Мәдениет | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 1151 | Тегтер: Аманат журналы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017