Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Мәдениет

Жас имам жарап тұр

2009 жылғы ақпан айында Екібастұз қаласының мұсылмандар мешітіне бас мүфтидің бұйрығымен Әбілхан қажы Балтаұлы бас имам болып келді. Әбілхан қажы 2005 жылы Алматыда «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің дипломына ие болған.

Екібастұз мешітіне келгелі Әбілхан қажы көптеген ізгі істерге ұйытқы болуда. Жұма сайын имам жамағатқа уағыз айтудан жалықпайды. Сонымен бірге, мешітке келуші жамағатқа жағдай туғызуда. Мәселен, ол былтырғы ораза кезінде тарауық намазға барғандарға ыстық және суық ауыз су ұсынып, жұрттың алғысын алды.

Мешітке алғаш келген кезде оны көп жұмыс күтіп тұрған еді. Келе сала шіріген жылу құбырларын ауыстырып, мешіттің ауласына гүл отырғызуды ұйымдастырды. Сондай-ақ гүл суаратын құбырлар орнатты. Ерлер мен әйелдердің қол жуатын орындарын іске қостырып, шүмектерін ауыстырды. Мешіттің алдын жайнатып, тазартып, асхананың бір жағына тағам қоятын сөрелер жасатып қойды. Асханаға дөңгелек үстелдер алынды. Мешіттің ішіндегі кілемдер ескі болған, намаз оқитын орынды жаңа кілемдермен толықтырды. Мешіттің іші қазір өте таза, құлпырған кілемдер көмкерген. Жұма намазына барғанда мешітте уағызға дейін микрофонмен Құран Кәрім оқылады.

Осыларға қоса ол ауылдарда ашылған мешіттерге барып, пікірін айтып, мүмкіндігінше қолұшын беруде.

Биыл наурыз айында Алматыдан наиб имам Данияр қари келді. Көпшілік қауымға Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың кітабы таратылды. Уағыз айтылып, ас берілді. Былтыр бас мүфтидің 500 кітабы таратылған болатын.

Былтырдан бері 700-ге жуық бала сүндетке отырғызылды. Төлеген мен Мәдина ұстаздар дәріс берген 6,7,8,9,10-сынып оқушылары Құран Кәрім оқудан емтихан тапсырды. Мұнда 30 бала мадақтамаға ие болып, олар Павлодарға саяхатқа апарылды. Саяхатта балалар мен ұстаздар Потанин атындағы мұражайға, орталық мешітке және «Мұрагер» медресесіне барды.

Шығарма бәйгесіне 50 шәкірт қатысып, 2 шәкірт жүлдеге ие болды. 9 мамырда мешітте әкімнің қатысуымен ардагерлерге ас берілді. Сонымен қатар репрессияға ұшырағандар қорымына белгітас қойылды.

Алла қаласа, ораза айында мешітте кітапхана ашылады. Күні бүгінге дейін мешіттің құжаттары дайын болмаған екен. Жас имам техникалық төлқұжаты, басқа да көптеген құжаттарды ретке келтірді. Енді асхананың төбесін жөндеу, кірер есігіне баспалдақтар салғызу, екі темір есік қою, асхананың айналасын қоршату, көркейту сияқты бірқатар жұмыстарды іске асырмақ.

Мәрияш Машрапқызы, намазхан

Санат: Мәдениет | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 579 | Тегтер: мешіт, Исламдіні | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017