Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Мәдениет

Жастарға дәстүр білген жарасады

Мерекелік шара

Жастарға дәстүр білген жарасады

 

Ел Конституциясының 15 жылдығына орай қалалық «Шахтер» саябағында «Достық» үйіндегі этномәдени бірлестіктердің жастары «Бірлік-біздің қасиетті Туымыз» байқауында өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, кәрістердің «Ион ли», украиндардың «Дударики», немістердің «Фойер», славяндардың «Лада», татар-башқұрттардың «Шатлық» және поляктардың «Польские свойницы» командалары төрт кезеңде бақ сынасты. Байқау барысында сайыскерлер өздерін таныстырып, ұлттық салт-дәстүр, киім үлгілерін және өнерлерін көрсетуге тиісті болды.

Алғашында ұлттық киімдерін киген әр ұлт жастары өздерін көпшілікке таныстырды. Бұл кезеңде қазақ, орыс тілдерінде таныстырған славян мен неміс жастары дараланды.

Жиналған қауым салт-дәстүрге ерекше ықылас танытты. Нәрестенің бір жасқа толуын атап өтуді көрсеткен кәрістерде үстел үстіне нан, көк бұршақ, күріш, қалам не қарындаш, қайшы, жіп, кітап сияқты заттар қойылады. Баланың назары кітапқа ауса, білімді, жіпке ұмтылса өмірі ұзақ болады деп ырымдаған.  

«Дударики» қаңтардың 12-і күні кешкісін қыз бала бір өзі не құрбыларымен көрші-қолаң, туған-туысқандарын аралайтын «Щедрый» дәстүрін, «Фойер» командасы күздегі «Береке» мерекесін дайындап келіпті. Тамылжыған тамыздың соңындағы егін ору мен жеміс-жидек жиналған мерекені жас жігіт бейнесінде сомдаған славяндардың көрінісі әсерлі шықты.    

Ал ұлттық костюм байқауында әр ұлт өз киім үлгісін көрсете отыра, мағлұмат берді. Мәселен, кәрістерде ауқаттылар ашық, қыздар қызыл мен жасыл түсті киім киген. Украиндардың ұлттық киімі оның мекенжайын, тау баурайында, не болмаса өзен жағасында тұратынын білдірген. Қыздың басындағы гүлдесте лентасының ұзындығы оның тектілігін айғақтаған. Еділ бойы мен Орта Азиядағы ислам діні татарлардың киімінің әртүрлілігіне ықпал еткені анық байқалады.

Соңынан әр этнобірлестік жастары өз өнерлерін ортаға салды. Байқауға қатысқан жастардың ерекше дайындықпен келгені анық көрінді.

Байқауды қорытындылаған қазылар алқасы сайыскерлерді түрлі аталымдарда марапаттауды жөн көрді. Дәлірек айтқанда, кәрістердің «Ион ли» командасы «Үздік салт-дәстүр», славяндардың «Ладасы» «Үздік мәнерлеп оқу», поляктардың «Польские свойницы» «Үздік сәлемдесу», украиндардың «Дударики» командасы «Көрермен көзайымы», татар-башқұрт командасы «Үздік киім үлгісі» және немістердің «Фойері» «Үздік өнер» аталымын иеленіп, ақшалай сыйлықпен марапатталды.  

Р. МҰСАБАЙ

 

Санат: Мәдениет | Қосқан: Отарка (02.09.2010)
Қаралды: 525 | Тегтер: жастар, Шахтер саябағы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017