Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

Аналар алғыс айтуда

Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау саласында Ұлттық бірыңғай жүйе енгізілгені мәлім. Жаңа жүйе денсаулық сақтау мекемелері қызметімен қалай қабысты, көрсетілетін қызметке қаралушылар көңілі тола ма, міне мұның бәрі «Нұр Отан» ХДП Екібастұз бөлімшесі тарапынан құрылған партиялық бекеттің бақылауына алынған. Таяуда қалалық мәслихаттың депутаты Р.Ө. Елубаева бастаған партиялық бекет мүшелері қалалық перзентханада болып, аталмыш мекемедегі хал-ахуалмен танысты. Өткен жылы ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізілген перзентхана үйі жарқырап тұр. Мекеменің бас дәрігері Г. Нығметжанованың айтуынша, мемлекет ана мен бала өмірін қорғауға жете көңіл бөліп отыр. Соның бір айғағы мұнда қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті, оның ішінде өте қымбат тұратын дәрілер де бар. Мәселен, қан кетуді тоқтататын дәрі дәрмек құны жарты миллион теңгеден асады. Биылғы жылы осы дәрі екі рет қолданылған. Сонымен бірге соңғы уақытта озық медициналық құрал-жарақтар сатып алынған. Шет елдік күрделі аппаратуралар тілін меңгерген кадрлар да бар. Балалар жансақтау бөлімшесінде болғанымызда «шалабайлардың» қандай күтімге алынғанын көріп разы болдық. Жасанды ұяшықта жатқан нәрестелер мұнда өздерін анасының құрсағында жатқандай сезінеді екен. Ал босанудан кейінгі бөлімшеде жас босанған аналармен жүздесу болды. Көңіл күйлері қунақы аналар перзентхана қызметкерлерінің мейірімге толы қызметтеріне алғыстарын жаудырды. Мұндағы тағы бір өзгеріс жас ана босана сала, нәрестесін бауырына алады. Дәрігерлердің айтуынша, мұның пайдасы зор. Сәбидің иммунитеті артып, әлжуаз болмайды.

Жалпы, өткен жылы қалалық перзентханада 2571 сәби өмірге келсе, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш біршама жоғары болады деп күтілуде. Айтпақшы, жылдан жылға дәрігерлер кесарь тілігімен босандыруды азайтып, табиғи жолмен тудыруға күш салу үстінде. Бұл, әрине, дұрыс, Жарық дүние көрген сәбилер қатарының өсуі де қуантады. Әйтсе де, іш жиятын жәйттер де кездеседі. Бейнетпен өмірге әкелген сәбилерінен бас тартатын әйелдер де бар көрінеді. Әсіресе, осындай безбүйрек әйелдердің басым бөлігі қазақтың қыз-келіншектері екенін естігенде абдырап қалдық. Бұл жәйт жұртшылықты ойландыруы тиіс.

Перзентханадағы жас аналармен жүздесу кезінде медициналық қызметке қатысты емес мәселелер де сөз болды. Балабақша, маршрутты автобус қозғалысы жайлы айтылған ұсыныстар мен тілектерді «Нұр Отан» ХДП Екібастұз бөлімшесі өз қаперінде ұстап, оңтайлы шешімдер қабылдануына ықпал етпек. Ең бастысы, қалалық перзентхана қызметіне арыз-шағым жоқ, Ал мұндағы сөз болған игі өзгерістер ана мен бала өмірін сақтауға қызмет ете бермекші.

Ж. ЖӘЛЕЛҰЛЫ

 

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (22.09.2010)
Қаралды: 456 | Тегтер: Аналар алғысы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017