Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

Қаражатпен қарасты

7 тамыз күні қалалық мәслихаттың кезекті ХХІҮ сессиясы болып өтті. Онда Екібастұз қаласының бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Өйткені, Бюджеттік кодекстің 52-бабына сәйкес облыстық мәслихаттың шешімімен облыстық бюджетке Екібастұз қаласының бюджетінен жеке табыс салығынан аударылатын түсім 48,8 пайыздан 65,6 пайызға дейін өсірілген. Бұл қосымша сома 329,3 млн. теңгені құрайды. Қала әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бастығы Б.Қ. Құспековтың жасаған хабарламасында мұның қала үшін зардабы болмайды. Қала қазынасынан ортайған қаражат мүлік, көлік және жер салықтарынан күтіліп отырған қосымша түсімдер есебінен толығады. Талқылаудан кейін мұнымен келіскен халық қалаулылары қала бюджетіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бірауыздан мақұлдады.

Сессияда сонымен қатар жасөспірімдер және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық үйлестіру кеңесінің, қалалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңестің құрамдарына өзгерістер енгізілді. Біраз мүшесінің түрлі себептермен шығып қалуына байланысты қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық, қалалық округтік және учаскелік сайлау комиссиялары құрамдарына да өзгерістер енгізіліп, мақұлданды.

Ж. БҰЛАНБАЙ

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 351 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017