Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

Ата Заң – адам құқықтары мен бостандығының кепілі


«Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттікті құра отырып» деп басталатын Ата заңымыздың 3- бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық», - деп көрсетілген. Халықтың билікке араласуының негізі де осы норма болып табылады, бұл - елдегі мемлекеттік билік халық атынан атқарылады, халық үшін жүзеге асырылады дегенді білдіреді.

Осы орайда отандық белгілі ғалым З.Ж. Кенжалиевтің: «Осы конституциялық ереже Қазақстан халқын біртұтас мемлекеттік биліктің, және әрбір оның тармағының бірден бір қайнар көзі болып танылады»,- деген сөзінің өте орынды айтылғанын тілге тиек еткім келеді.

Қазақстан халқы билікті негізінен келесі нысандар арқылы атқара алады:

1.                 Тікелей республикалық референдум арқылы.

2.                 Еркін сайлау құқығы арқылы.

3.                 Билікті жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға  жүктеу арқылы.

Халық билігінің тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асуын Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімін ұзарту және қолданыстағы Конституцияны қабылдау тәжірибесінен көре алғанбыз. Ал еркін сайлау құқығын Қазақстан  халқы  Президентті, Парламент депутаттарын  сайлау кезінде қолданған болатын. Сонымен қатар,  Қазақстан халқы атынан  және  мемлекет атынан билік жүргізуді  белгілі мемлекеттік органдарға жүктей алатынын жоғарыда айттық. Халық атынан билік жүргізу құқығы Республика Президентіне, өзінің конституциялық  өкілеттігі шегінде Парламентке берілген. Республика үкіметі мен басқа да мемлекеттік органдар мемлекет атынан өз өкілеттігі шегінде ғана билік жүргізе алады.

Халық билігінің бірден-бір кепілі, оны жүзеге асыратын орган Сот органы болып табылады. Қазақстан Республикасының  2010 жылдан  2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық тұжырымдамасында сот төрелігін нығайту туралы былай делінген: «Сот төрелігін іске асыру  кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған  сот–құқықтық реформасының жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдар өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында  өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуына санкция енгізілді, прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым алынып тасталды».

Еліміздің Конституциясы елдегі әрбір азаматты қорғайтындығына соттардың  кепілдік беретінін адамдар білуі және  көз жеткізуі тиіс ( Елбасының судьялар съезінде сөйлеген сөзінен). Ата Заңымыздың ең бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік  мемлекет ретінде орнықтырады, оның  ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген. Конституцияның  «АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ» деп аталған ІІ бөлімі  Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандықтары мен құқықтарына кепілдік береді.

Демократиялық мемлекет ретінде Қазақстанда әр адамға өз қалауы бойынша білім алуға, еңбек етуге, қоғамдық шараларға қатысуға еркіндік бар. Әрине , қоғамда өмір сүргесін, бостандық берілгесін, жалпы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында міндеттер де жүктеледі. Адамның өміріне, ар-намысына, қадір –қасиетіне қол сұқпау  туралы Конституциямызда айқын айтылған.

Егемен еліміздің Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған, содан бері екі рет өзгертулер енгізілді: 1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда. Бұл Ата заңымыздың өміршеңдігін, оның бір орында тұрмай, заманауи өзгеріп, қалыптасатынын аңғартады. Конституцияның өмірде заңды күші жүзеге асырылатындығының бірден–бір дәлелі –Қазақстан халқының  ынтымақ-бірлікте, ұлтаралық қақтығыссыз, бейбіт өмір сүруі. Басқа шет мемлекеттердің Қазақстанның егемендігін мойындағаны, еліміздің халықаралық қатынастардағы алған орны, атқаратын рөлі  де  еліміздің шын мәнінде демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныққанын дәлелдейді.

                                                   Алмагүл Әбілденова, Екібастұз қалалық сотының маманы

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 1103 | Тегтер: құқық, мемлекет, Ата заң | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017