Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

Ата Заң – алтын арқау

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің заңы. Қазақстанның әрбір азаматы осы заңға бағынып, оны құрметтеуі тиіс. Себебі бұл заңда оның өмір сүруге, балабақшаға баруға, мектепте тегін оқуға, елінде емін-еркін жүріп-тұруға құқығы бар екендігі жазылған. Құқық болған жерде міндет те болады. Осы міндеттерді бұлжытпай орындау керек. Заңға әртүрлі өзгертулер енгізілетіні де азаматтардың мүддесі үшін.

Бұрын біз секілді мүгедектер үйлерінен шыға алмай отыратын. Олардың құқықтары заңда көрсетілмейтін. Ал қазір біз Ата заңымыздың аясында денсаулықтары жақсы адамдармен тең саналамыз. Тіпті жұмыс, қызмет те атқарамыз.

Мен орта мектепті бітірдім, мұғалімдер он бір жыл бойы мені үйіме келіп оқытып отырды. Бұл еліміздің әрбір азаматына, әсіресе мүгедек балаларға деген қамқорлық деп білемін. Анам мені ары қарай оқытқысы келеді. Бірақ мен тұратын Солнечный кентінде арнаулы, жоғары оқу орындары жоқ. Ал қалада оқу үшін үйің, үй алу үшін тіркеуің болуы керек. Екібастұзда үйім болса, мен жұмыс та істер едім, оқу да оқыр едім деп ойлаймын.

Мен ешқашан еңсемді түсірмеймін. Адам өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеп, болашақтан үмітін үзбеуі керек. Сонда адамның бар арманы орындалады.

Жетес Нұрмағанбетов, І топтағы мүгедек, Солнечный кенті

 

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (08.09.2010)
Қаралды: 1269 | Тегтер: Ата за4 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017