Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

Қауіпсіздік күзетінде

Қоғамдық қауіпсіздік күнін ішкі істер бөліміндегі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлері тік тұрып қарсы алады десек артық емес. Тәуліктің 24 сағаты бойы қызметте жүріп қоғам тыныштығын күзететін құқыққорғаушылар бұл күні айрықша бекемдік танытуы тиіс. Өйткені қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі еліміздің ең ардақты мейрамдарының бірі – Ата Заң күнімен дөп келеді. «Ал халық өмірінің қауіпсіздігі – біздің ең басты мақсатымыз»,-дейді Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Ернұр Жұмабайұлы Букаев.

Аталмыш бөлімше осыдан он бес жыл бұрын құрылды. Негізгі міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу, анықтау және әкімшілік құқықбұзушылықтарды әшкерелеу, азаматтардың конституциямен бекітілген құқықтарын қорғау болып табылатын бөлімшеге учаскелік полиция, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекция, жасөспірімдерді уақытша оқшаулау, бейімдеу орталығы, патрульдік полиция қызметтері енген. Бүгінде ол ішкі істер бөлімінің ең ірі бөлімшесі болып табылады.

Қоғам тәртібінің күнделікті сақталуына жауапты бөлімше қызметкерлері түрлі қылмыстардың алдын алу бағытында бірталай оперативтік-алдын алу шараларын жүргізуде. «Тұрмыс», «Учет», «Құқықтық тәртіп», «Сәлеметсіз бе, мен учаскелік инспектормын!» атты аймақтық акцияларды ұйымдастырады. Қала өткізілетін кішігірім шаралардан бастап халықтық сауық-сайран, мемлекеттік мереке, мәртебелі меймандардың келуі кезінде де бөлімше қызметкерлерін алғы шептен көреміз.

Бөлімше бастығы Ернұр Жұмабайұлының айтуынша, қазір бөлімше қызметке қажет құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Патрульдік полицияның көліктері жаңартылды, қазір мұнда толық жабдықталған алты автокөлік, екі жылжымалы полиция пункті ( автобустар) бар. Билік тарапынан қызмет жағдайын жақсартуға мейлінше көңіл бөлінуде. Алайда қылмыс атаулыға тосқауыл қою әлі де мүмкін болмай отыр. Әрине, ол үшін қоғам санасы түбегейлі өзгеруі керек болар...

Қылмыскерлерді құрықтап, тіпті өз өмірлеріне қауіп төнгенетініне қарамастан, қалтқысыз қызмет ету үшін де білек күшімен бірге үлкен жүрек те керек. Онсыз қоғамдық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеу мүмкін болмас та еді. «Бұл ретте біздің адал еңбегімен абыройға бөленіп жүрген қызметкерлеріміз  аз емес. Полиция майоры Тоқсанбай Омаров, полиция капитандары Айдар Құсайынов, Ермек Рақымов, Асхат Базарбеков, Жәнібек Сыздықов, Ербол Ботагөзов, Сәбит Қожылдақов, т.б. өз ісінің білікті мамандары. Сондай-ақ ауылдық округтердегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция майорлары Талғат Алпысбаев,  Балғабек Тәкіжанов, Қалкен Айтжанов, Салауат Қопабаев, капитандар Берік Төлеубаев, Нұрлан Төлеубаев, т.б. елдің көңілінен шығып жүр»,-дейді бөлімше бастығы Ернұр Жұмабайұлы.

Ернұр Букаевтың бөлімше бастығы лауазымына тағайындалғанына көп болған жоқ. Әскер қатарынан келген соң қоғамдық қауіпсіздік қызметіне патрульдік кезекші қызметкер ретінде қабылданған ол патрульдік учаскенің инспекторы, патрульдік учаске бастығы, взвод, рота командирі, криминалдық полиция бөлімшесінің аға қызметкері лауазымдарын атқарды. Жас та болса, кәсіби біліктілігімен көзге түскен Ернұр Жұмабайұлының жаңа қызметтерде биіктен көрінері сөзсіз.

Айнұр ЗАЙЫРГЕЛДІ

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (26.08.2010)
Қаралды: 441 | Тегтер: қауіпсіздік, Ата заң | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017