Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

Шындық бүркемелеуге көнбейді

20-26 қыркүйек аралығында қаламызда «Мемлекетік тіл – ел мұраты» акциясы жарияланып, ұйымдастыру комитеті қалалықтарға үндеу де жолдады. Екібастұздықтардың акцияға, жалпы  мемлекеттік тілге деген көзқарасын байқап, жарияланған үндеуге қалайша қолдау жасап жатқандығын білу үшін 22 қыркүйек – Тілдер күні телефон арқылы сауалнама жүргіздік.

 

Қолымызға телефон анықтамалығын алып, көзге түскен алғашқы нөмірді тердік: 33-77-50, №4 жалпы орта білім беретін мектеп. Амандасып, қоңырау шалудағы мақсатымызды түсіндірген соң:

-          20 қыркүйектен бастап қалада қандай акция өтіп жатқанын білесіз бе ?-деп сұрадық. Телефонның арғы жағынан хатшы келіншек:

-          Пока нет. Отчетный период. И даже... как бы сказать не успеваем ...

-          Ал бүгін қандай күн екенін білесіз бе?

-          Бүгін қандай күн? Незнаю что-то.

-          Шұбарламай, қазақша сөйлесейікші. 

-          Мен литературный жағынан қиналамын.

-          Дегенмен қызметтегі адам болған соң, қаланың тынысынан хабардар боларсыз. Қазір қаламызда «Мемлекеттік тіл – ел мұраты» атты акция жүріп жатыр. Оны қолдауға шақырған үндеуді оқыған боларсыз.

-          Үндеу деген... Что-то түсінбедім, ұқпадым. Давайте, мен трубканы завучтарға берейін. Жанымда қазақ тілі мұғалімі де бар,-деп хатшы телефон тұтқасын қазақ тілі мұғаліміне бере қойды. Өзін Жасина Айнаш Жақсылыққызымын деп таныстырған қазақ тілі мұғаліміне де әуелдегі сауалдарымызды қойдық.

-          Бүгін қандай атаулы күн екенін білесіз бе?

-          Білемін. Тілдер күні.

-          Мектебіңізде осы күн қалай аталып өтуде?

-          Қазір №9 кабинетте Жұбан Молдағалиевке арналған әдеби шара болып жатыр. Бүгін біз, екі сынып, үш-төрт мұғалім болып Абай ескертшінің жанында ұйымдастырылған «Абайға тағзым» шарасына қатыстық.

-          Осы акцияға қатысты қандай үндеу жарияланғанын білесіз бе?

-          Иә... Бірақ оның мақсатын айта алмаймын. Мен сізге завучты шақырып берейін.

-          Ол кісі де білмесе ше?

-          Негізі, айтуға тиісті ол кісі.

-          Сіз тиісті емессіз бе?

-          Мен ГОРОНО-ға асығып барамын.

Білім ордасынан алған жауабымыз осы. Одан соң №4 балабақшаға хабарластық. Телефонды балабақшаның бухгалтері Дина Асқарова көтерді.

-Бүгін қандай күн?

-Орысша айтқанда, День языков.

-Балабақшада осы күнге орай не ұйымдастырылды?

-Балалар осы мерекеге арнап утренник өткізіп жатыр.

-Өткізіліп жатқан шара туралы әдіскерлеріңізден анықтап білсек дейміз.

-Жоқ. Қазақ тілі мұғалімі Павлодарға кетті. Ал басқаларының бәрі мен сияқты айтады.

-Тілдер күніне орай қаламызда қандай шаралар болып жатқанынан хабарыңыз бар ма? Үндеу туралы естідіңіз бе?

- Жоқ.

-Газет оқымайсыз, теледидар көрмейсіз бе?

-Оқимыз ғой. Теледидар көруге уақыт жоқ.

-Отбасыңызда қай тілде сөйлесесіздер.

-Қазақша да, орысша да. Бірақ балалар орысша сөйлеген соң, көбіне орысша сөйлесеміз.

-Балабақшада жұмыс істеп жатқаныңызға қанша жыл болды?

-Тоғыз жыл.

-Қазақ тіліне мемлекетік тіл мәртебесі берілгеніне қанша жыл болды?

-Он бес жыл ма? Білмеймін.

* * *

Қолымызға «Гиппократ» дәріханасының нөмірі түсті. Қоңырау шалдық.Амандасып, мерекемен құттықтадық. Дәріхана сатушысының есімі Дария екен, сауалнамаға жауап беруге қуана келісті.

-Бүгін қандай мереке екенін білесіз бе?

-Білмеймін.

-Бүгін - Тілдер күні. Мұны есте сақтағаныңыз абзал. Дәріханада үнемі мемлекеттік тілде сөйлейсіздер ме?

-Өз ана тілім болған соң неге сөйлемейін. Ал менің әріптесімнің ұлты орыс болған соң, қазақша сөйлемейді.

-Әріптесіңіз қазақ тілді азаматтарға қалай қызмет көрсетеді?

-Түсінгенінше дәрілер босатады. Ол тәжірибелі маман. Дәріханамыз «Нарық» базарына жақын болғандықтан, бізге ауыл адамдары көп келеді. Керегін көбіне қазақша сұрап жатады. Әріптесімнің түсінбей қалатын кездері де болады. Ондайда амал жоқ, сатып алушылар өзге дәріханаға кетіп жатады, не болмаса келесі күні маған келеді.

-Тілдер күніне орай қалада қандай шаралар өткізіліп жатқанын білесіз бе? Үндеу туралы естігеніңіз бар ма?

-Жоқ.

 / Қалада қандай шара жүргізіліп жатқанын, оның мақсаты мен үндеу жайлы айтып өттік/.

-Отбасыңызда қай тілде сөйлесесіздер?

-Балаларым орыс мектебін бітірген. Отбасында екі тілде, көбіне араластырып сөйлейміз.

-Ұжымдарыңызда мемлекеттік тілге қатысты шара ұйымдастырыла ма?

-Жоқ. Бірақ басшымыз Селезнева Валентина Ивановна мемлекеттік тілге құрметпен қарайды. Екібастұзға Қызылордадан көшіп келген. Содан болар, қазақ тілінде сөйлемесе де, тілді жақсы түсінеді. Ұжымымызда мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіретін шаралар ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді...

* * *

Кездейсоқ терілген келесі  қоңырауымыз тағы да дәріханаға түсті. Бұл жолы «Богданов» ЖК-не қарасты дәріхана.  Телефон тұтқасын Гүлсім есімді келіншек көтерді. Ә дегеннен сөзін орысшалап бастаған ол біздің сауалдарымызға жауап беруден бас тартты.

-Сіз қазақ тілін білмейсіз бе?-дегенімізде.

-Почему, разговориваю. У меня здесь клиенты. По позже перезвоните,-деп қысқа қайырды.

* * *

Бұдан кейін коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорынның біріне телефон шалдық. «Энергоцентр» ЖШС-інде телефон тұтқасын алған адам қазақша сәлемімізді қабылдай алмады. Кешірім өтініп, өзінің мемлекеттік тілде сөйлей алмайтындығын айтты. Десе де, оның мемлекеттік тілге деген көзқарасын білу үшін сауалдарымызды ресми тілде қоюға мәжбүр болдық.

-Наталья Викторовна, почему вы не говорите на государственном языке?

-Потому что я одна в кабинете. (Мұндай да сылтау болады екен?)

- А вообще вы намерены изучить государственный язык?

-Да.

-А какой сегодня праздник?

-Незнаю.

-Вы работаете с населением. На каком языке вы общаетесь со своими клиентами?

-В основном на русском. К нам если обращаются на казахском, у нас есть переводчик. Он переводит нам.

-Не затрудняет ли это вашу работу?

-Труднее выучить казахский язык за один год.

- Но ведь не первый год казахский язык обладает государственным статусом? Ведь каждый гражданин должен знать государственный язык.

-Это так. Но на данный момент у нас нет возможностей, нет курсов.

- Сотрудники предприятия не изучают гос.язык?

- Пока нет.

-А желания есть изучать?

-Наверное нужно. Каждый гражданин должен знать государственный язык. Глубоко тяжеловато будет. Но должны знать.

Жауаптарына қарап Наталья Викторовнаның тіл үйренуге деген ынтасын байқамадық. Десек те, оған қаламызда жүргізілетін қазақ тілі курстары жайлы ақпарат беруді өзіміздің азаматтық борышымыз деп санап, тіл үйрену курстары өтетін орындарды атадық. Наталья Викторовна жазып алдым деді.

Бұдан кейін хабарласқан «WECO» оптика салоны мен Екібастұз өңірлік кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілері ассоциациясынан қазақша сөйлесетін адам таппадық. Жарамады.

Тілдер күні телефон арқылы хабарласқан мекеме, ұйым, кәсіпорындардағы мемлекеттік тілдің ахуалы осындай.

А.ЗАЙЫРГЕЛДІ

 

 

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (22.09.2010)
Қаралды: 476 | Тегтер: қазақ тілі, мемлекеттік тіл | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017