Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

Тату-тәтті отбасы – қоғамның байлығы

Жемқорлық – індет, жою - міндет

Түрлі-түрлі шағым бар...

Өткен аптада «Нұр Отан» ХДП-ның ЕФ кеңсесінде Павлодар облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің бастығы Манас Сабаншиев тұрғындарды қабылдады.

Департамент бастығына шағым айта келген сатушылар тобы (Ш. Арынова, Г. Нұрова, З. Савчук, Н. Кустова) бұрынғы басшыларының өрескел іс-әрекеттеріне наразылық білдірді. «Махі Маll» сауда орталығындағы «Центрстрой» ЖШС-інде екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан оларға басшылары осы күнге дейін еңбек келісімшартын көрсетпепті. «Таяуда жетпей қалған ақшаны толтыру мақсатымен басшымыз біздің жалақымыздан 9900 теңгеден ұстап қалды. Оның өзінде бірімізден ұстап, бірімізден ұстаған жоқ. Жалақымыз небәрі 15400 теңге. Онымен қоймай, бұл туралы шағымданатын болсақ, сазайымызды беретінін айтып қоқан-лоққы көрсетті. Бастығымыз Гүлмира Сағынтаева тұтынушылардың көзінше ар-намысымызға тиетін сөздерді қарша боратқаны аздай, заң орындарына жақ ашар болсақ, алдағы уақытта еш жерге жұмысқа қабылданбайтын жағдайға жеткізетінін ашықтан-ашық білдірді»,- дейді басшының заңсыз әрекеттерінен зәрезап болған сатушылар.

Тагаймурод Сафаров болса жер қатынастары бөлімінің басшысына ренжулі. «Сүт зауыты жақта қоқыс басып жатқан 30 сотық жерді бау-бақшаға айналдырмақ болып, өтініш білдіргенімде, жер қатынастары бөлімі оң жауап беріп, өтінішімді қанағаттандырғандай болған. Енді, міне, жерді беруден бас тартып, өз шешімдеріне өздері қарсы шықты»,- дейді ол.

Манас Мәжитұлынан бір көмек бола ма деп келген Ермек Макимовтың жағдайы адам аярлықтай. Ол 2007 жылы Эстерлей атты азаматтан жалға берілетін дискілер алмақ болып, пәтерін кепілдікке қойып, банктен несие алады. «Эстерлей маған қаладағы бірнеше бизнес нүктесін көрсеткенде, қасымызда үнемі екеуміз де жақсы танитын полиция қызметкері жүрді. Эстерлейге бизнес үшін 600 мың теңге төлегенімде де, сол куә болды»,- дейді Ермек. Көп уақыт өтпей-ақ, бизнеспен айналысып, табысқа қарық болам деген арманының күлі көкке ұшып, лицензиясыз болғандықтан, дискілер тәркіленіп, Ермек тақырға отырады. Қыруар қаражатты ешқандай құжатсыз көлденең көк аттының қолына ұстата салған Ермек енді ешкімге ештеңе дәлелдей алмай дал.

Галина Шевелева болса Ресейге ұзақ уақытқа кеткен ағасының жекеменшік пәтерін өзге біреудің иемденіп кеткеніне шағымдана келіпті. Мәселенің анық-қанығы қабылдау үстінде-ақ анықталып, қаржы полициясында осы мәселеге қатысты іс қозғалғаны белгілі болды.

Ш. Ибраев жер үйде тұратын көршілеріне күндіз-түні машиналар жанармай тасымалдап, тыныштық бермейтініне наразылық танытса, Қ. Әлімов «Нарық» ЖШС-інен мардымды жалақы ала алмағанына шағым жасады.

Қабылдауға келгендердің бәріне экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің бастығы Манас Сабаншиев түсініктемелер беріп, жөн сілтеді.

Ж. ӘБДІКӘРІМ   

 

 

 

 

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 857 | Тегтер: Нұр Отан, сыбайлас-жемқорлық. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017