Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Қоғам

ҚҰЖАТТАРДЫ ЖЕДЕЛ ӘЗІРЛЕУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

Екібастұз қаласының Әділет басқармасы жеке куәліктер мен төлқұжаттарды жедел әзірлеудің уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Әділет басқармасының мұндай хабарландыру таратуына жеке куәліктері мен төлқұжаттарын жеделдетіп ресімдеуге өтініш берген жұрттың наразылығы себеп болды.

Бүгінде республика көлемінде жеке куәліктерін немесе төлқұжаттарын ресімдеуге ниеттенген азаматтардың саны артып, соған байланысты құжаттарды уақытылы әзірлеу мүмкін болмай отыр. Ал басты себеп - төлқұжаттар мен жеке куәліктерді әзірлеуші «ИПЦ» РМК зауытының өндірістік қуатының жетпеуі, оған қоса шетелден әкелінетін бланкілер де тапшы.

«Алайда егер шұғыл жағдайлар туындап, жеке басын растайтын құжат қажет болып жатса (шетелге шығу, жолдамамен емделу, шұғыл іссапарға шығу, т.б.) азаматтар Әділет басқармасына жеке куәлік немесе төлқұжатты жедел ресімдеу, оған негіз болар себептерді жазып өтініш беруі тиіс. Ол өтінішке қоса шұғыл жағдайды растайтын құжаттар (елшіліктен шақырту, іссапар куәлігі, мемлекеттік органдардан, спорттық ұйымдардан  қолдаухат, т.б.) да берілуі керек»,-дейді Әділет басқармасының құжаттарды ресімдеу бөлімінің бастығы Зәмзагүл Шәріпова.

Жеке куәлік немесе төлқұжат ресімдеуге қатысты сұрақтарыңыз болса, 77-17-70, 77-17-74 телефондарына хабарласа аласыздар.

А.ЗАЙЫРГЕЛДІ

 

Санат: Қоғам | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 433 | Пікір: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017