Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Оқиға

Жастықтың әлегі ме, мастықтың әлегі ме?

2008 жылдың 1 тамызынан бері құқыққорғаушылар көлікті мас күйінде әрі құжатсыз жүргізген жүргізушілерді арнайы қабылдау орнына 10-15 тәулікке қамай бастағаны белгілі. Тепсе темір үзетін кез келген азаматтың бақандай он күн немесе жарты ай уақытын түсі суық темір тордың ар жағында өткізгісі келмесі анық. Алайда ЕҚІІБ ұсынған мәліметтерге жүгінсек, бұл жазаның өзі «бастары бір қазанға сыймайтын екі қошқар» - бөтелке мен рөлді «достастырғысы» келетіндерге сабақ бола алмай тұрған сыңайы бар.

Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік Кодексінің 467-бабы бойынша ішімдік және есірткілік заттарды қолданған күйі көлік жүргізген және жазаланғандығына қарамастан құқықбұзушылықты қайталаған 59 адам 10-15 тәулікке арнайы қабылдау орнына жабылыпты. Өкінішке қарай, кейбіреулер көлікті мас күйінде жүргізу арқылы өзгенің өміріне қауіп төндіретінін түсінбейтін сияқты. Көлік жүргізу құқынан айырылып, құжатсыз қалса да, рөлге қайта отырып, заңды да, жұрттың өмірін де аяқтасты еткісі бар.

Екі жылдан бері осындай «тентек жүргізушілерден» босамай келе жатқан арнайы қабылдау орнында қазірдің өзінде қылшылдаған жас 5 жігіт жатыр. Бұлар – мас күйінде ұсталғанда құжатынан айырылып, кейін көлікті құжатсыз жүргізу үстінде қайта қолға түскендер. Яғни, бір жылдың ішінде бірнеше рет тәртіп бұзғандар. Іштеріндегі ең жасы Юрий П. 19 жаста болса, Еркебұлан Ж. мен Қайрат Ы. 28-де, Аргердас У.-дың жасы 23-те, ал Саят Ә. орда бұзар отызда көрінеді. Алакөлеңке камерада әңгіме-дүкен құрып, күңкілдескен жігіттердің бұл жатысы ішті ашытады-ақ. Еліне пайдасын тигізудің орнына, ащы судың әлегімен жаман аттарын шығарып, темір торлы есіктің ар жағынан ұяла сығалау жас жігітке жарасымды қылық па? Олай болса, кім-кімнің де көлік рөлін ұстар алдында жақсылап ойланғаны жөн шығар. Таразының бір басында – жүргізушінің өз тағдыры, екінші жағында өзге адамдардың ғұмыры тұрады ғой. Екеуін де ойыншыққа айналдырмайық.

Ж. БАЙМЫРЗА

 

Ана деген ардақты атқа кіршік түспесін


Маскүнемдікке жан-тәнімен салынған ерлі-зайыптылар болады. М. мен С. сондай адамдар еді. Екеуі ішімдікті бірге бөлісіп ішіп, өмірлері зая өтіп жатты. Күндердің күнінде балалары да есейіп, тұңғыш ұлдары үйленіп, балалы болды. Бірақ көп ұзамай ажырасты. Кейін ұлдары ұрлыққа түсіп, темір тордың арт жағында біраз өмір кешті. Маскүнемдікке әбден берілген ата-анасы баласының өміріне тіпті де алаңдамады. Ұлдан кейінгі қыздары қалада жоғары оқу орнында оқып, оқуын тәмамдаған соң ауылдық мектепке мұғалім болып жұмыс істеді. Сол қызға ел «Жаманнан жақсы туар» деп, қызыға қарайтын. Мұғалімдік міндетін атқарып жүргенде «жүкті екен» деген сыбыс естілді. Міне, енді жолдан бала тауып, соны өсіріп отыр. Баласының осындай жағдайға ұшырап, бейкүнә сәбидің әкесіз өсіп жатқанына маскүнем ананың жүрегі қатты ауырды. Қиналып жүрген қызын көрген ана сол мезеттен-ақ арақтан емделемін деген шешім қабылдады. Қазіргі уақытта емделіп, жиенін ыстық құшағына басып отыр. Балаларының осындай күй кешіп, бақытсыздыққа жолығуына тек әкесі мен шешесі кінәлі. Егер ата-ана баласын дұрыс тәрбиелесе, мұндай жағдай болмас па еді? Маскүнем әке мен шешеге қыздарының сәтсіз ғұмыры мәңгіге сабақ болып қалғандай. 

Медициналық сараптамаға сүйенсек, әйел адамның ағзасы еркектерге қарағанда ішімдік пен темекіге тез бейімделеді екен.  Ер адам шылым шегіп, кейін оны тастауға бет бұрса, жылдам ұмытып кете алатын көрінеді. Ал әйел адамдардың, керісінше, бұл жолдан арылуға тым қиынға соғады.

Екібастұз қаласында маскүнем адамдарға арналған медициналық айықтырғыш бар. Көшеде мас болып жүрген адамдарды медициналық айықтырғышқа әкеліп, есін жиғанша осы жерде ұстайды. Аталмыш мекемеде маскүнемдер 3 сағаттан 12 сағат арасында қалуға құқылы. Медициналық айықтырғышта адамдар 3 сағаттан кем болмауы керек екен. Егер туыстары мен балалары болған жағдайда олар дереу өз үйлеріне немесе туыстарының үйлеріне жеткізіледі. Маскүнемдер арнайы айықтырғышта жұмыс жасайтын фельдшер-нарколог дәрігердің тексеруінен өтіп, ҚІІБ тіркеуіне алынады.

Медициналық айықтырғыш бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Рақымжанова Әлия Жақсылыққызының сөзіне жүгінсек, қаңтар айынан бергі жеті ай ішінде мас күйінде 76 әйел айықтырғышқа түскен. Солардың ішінде 87-89 жылдары туған қыз балалар да бар. Қалғаны орта жастағы 30-50 жас аралығындағы әйел адамдар. Мұнда бір рет емес, бірнеше қайталап түсушілер де кездесіп тұрады.

Әйел адам жарының жүрегі, балаларының тірегі болуы тиіс. Әйел ешқашан жамандыққа мойымай, алдынан бақытты күндер күндей жадырап шығатынына сенімді болуы керек. Тіпті еркек адам маскүнем болып айыға алмаса да, еркек адамның артынан жамандыққа ілеспей, балаларымды өсірем, жеткізем деп, балапандарын төрге сүйреуі керек. Ана деген ардақты атқа лайықты әрбір жан осы есімге кіршік түсірмесе игі.

Салтанат Мухитова ИнЕУ-дің 3 курс студенті

Санат: Оқиға | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 300 | Тегтер: Ішкі істер бөімі, Маскүем | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017