Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Оқиға

Қанішер жазасын алуы тиіс

Мен таяуда Байет ауылында болған қанды оқиға жайлы айтайын деп едім.

Ең алдымен, сол күнге шегініс жасайын: А. атты жігіт түннің бір уағында келіп, келіншегін талдыра ұрып, төсегінде пырылдап ұйықтап жатқан алты айлық қыз баланы ұрғанда, миы шашылып, ішіне қан кеткен, денесінің әр жеріне көк ала таңба түсіпті. Жас ана баланың өлгенін ес жиғанда барып білген. Осы екі арада жігіттің ата-аналары сәбидің қан-жоса денесін жуып үлгерген. Ата-ене, қайынаға-абысындар есі кіресілі-шығасылы ананың қайғысын бөліскеннің орнына, «сен омырауыңмен тұншықтырып өлтірдің, балаңа қоса сені де көрге саламыз» деп, қоқан-лоққы көрсетіпті. Осылайша, А.- ның әкесі Ш. ақсақал дәрігерлер жасаған қорытындыны місе тұтпай, ұлын ақтап алуға жанталасып бағуда.

Бұлардың бірде-біреуі жазықсыз нәрестені жер қойнына тапсырғанда, сәбиге бір метр ақырет беріп, бір күрек топырақ салуға жарамады. Осыдан-ақ бұлардың адамгершіліктері айқын көрініп тұрған жоқ па?! Басқасы басқа, ақсақалдың дін жолында жүрген баласының осы жайға назар аудармағаны жөн болмады. Ал «Алтын алқа» таққан ананың мейірімі қайда кеткен?! Қайғылы жағдайда жас келінге пана болмағаны несі екен?

... Қазақ отбасында болған бұл оқиға кім-кімді де бей-жай қалдырмасы анық. Он екіде бір гүлі ашылмаған нәрестені айуандықпен өлтірген адам заң алдында да, ар алдында да жауап беріп, әділ жазасын алуы тиіс. 

Қапуран Қамхашұлы

Санат: Оқиға | Қосқан: Отарка (06.08.2010)
Қаралды: 349 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017