Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Оқиға

Төрт адам суда ажал құшты


Аптап ыстықта жұрт қала сыртына шығып, суға түсіп, жаны жай табады. Алайда екінің бірі қауіпсіздік ережелерін есте сақтай бермейді. Мұның соңы әдетте қайғылы оқиғаға душар етеді. 

Осы орайда жергілікті Төтенше жағдайлар басқармасындағы судан құтқару қызметінің жетекшісі Аманкелді Ордабаев нақты деректерді алға тартты. Оның айтуынша, соңғы екі аптада 4 адамның ажалы судан болған.  

-Суға кеткендердің бірі - 15 жасар жасөспірім. Ол Қаныш Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» каналының су айдайтын тұсындағы көпірден суға секіріп, батып өлген. «МАЭС-1» кәсіпорны маңындағы су қоймасында жолдасымен спирттік ішімдік ішіп, суға түскен 1968 жылы туған 42 жасар азамат тұңғиыққа кеткен. Тағы да сол жерде 1973 жылғы балықшы судан өзі құрған ауды алмақшы болып әрекеттенгенімен, қайта шыға алмаған. Қолдан жасалған қайығы да суға толған. 30 тамыз күні Шідерті кентінің су қоймасындағы №1 гидроторапта 20 жасар жігіт спирттік ішімдік ішіп алып, рұқсат етілмеген, тереңдігі 20 метр жердегі суға сүңгіген. Тіпті жанындағы 20 шақты әріптесі  марқұмның суға қай маңда кеткенін аңғармаған. Айтарымыз, суға тек рұқсат етілген жерде ғана  түскен абзал. Спирттік ішімдік ішіп шомылуға, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Бұл ретте суға түсу ережелері қатаң сақталуы тиіс. Суда жүзгенде әркімнің жеке құтқару құралдары болғаны жөн,-дейді Аманкелді Жетібайұлы.

Расында да, «Сақтықта- қорлық жоқ» деген, тілсіз жаудың бірі- суға түскенде абай болуды естен шығармайық.   

Р. МҰСАБАЙ   



дереккөз: http://Апат, су, Ертіс-Қарағанды
Санат: Оқиға | Қосқан: Отарка (08.09.2010)
Қаралды: 418 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017