Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Поэзия әлемінде

Конституция

Конституция

Азат елдің басталған

Айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған

Конституциямыз бар біздің.

Халық сенген заңымыз

Әділдікті қолдайды.

Жақсарсын деп халіміз,

Адам құқын қорғайды.

Ата заңмен бекіткен

Дербестігін еліміз.

Ата-баба мұра еткен

Тұтастығын жерімнің.

Дейді біздің мемлекет

Үлкен менен балаға:

«Оқы, оқы, еңбек ет,

Кәсібіңді қала да»!

Әрбір заңы маңызды,

Әр көңілдің жыры юір.

30 ыншы күні тамыздың –

Конституция күні бұл!

 

 

Қазақстан

Шайқалмасын шаңырағым күмбезді,

Дарытпасын Аллам саған тіл-көзді.

Қазақстан – достық елі айбынды,

Татулықпен табыстырған күллі елді.

Береке мен бірлік болып ұраны,

Адамдары тату-тәтті тұрады.

Бақыттымын деп санаймын өзімді,

Асқақтаса тәуелсіз ел жыр-әні.

Тең сөйлесіп, араласып өзге елмен,

Сыйласуға, достасуға сөз бергем.

Барша жұртқа қонақжайлық танытып,

Ілік іздеп көрген емен жоқ жерден.

Сондықтан да көтеріңкі көңілім,

Гүлге оранып құлпырады өңірім.

Қазақстан – бақытым мен байлығым,

Қазақстан – болашаққа сенімім.

 

Әсел Жундибаева,

№26 мектептің 9-сынып оқушысы

Санат: Поэзия әлемінде | Қосқан: Отарка (08.09.2010)
Қаралды: 721 | Тегтер: оқушы, Қазақстан, Конститутция, Ата заң | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017