Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Поэзия әлемінде

Өлеңті

Өлеңті

Әр тамшысы – дәру мың,

Басқан ізін құт қылып.

Көкірегі арудың

Арындайын тұп-тұнық.

 

Сапары бар асығар,

Ел дегенде елжіреп.

Толқып-толқып басылар

Лүпілдеген бір жүрек.

 

Аспан алыс десек те,

Күннің жақын құрбысы.

Қар лақтырған кесектеп

Тілеулесі – қыр қысы.

 

Көзге оттай басылып,

Жағатұғын жыр-алау.

Кәусарының басы нық

Жәннат жақтан шығар-ау.

 

Көшірмесіз соғылған

Күміс тәжі өлкенің.

Ырыс ерген соңынан

Қасиеттім, көркемім!

 

Өлең егіп, жыр өрген,

Құт көмкеріп балағын.

Сызылтатын сырлы әуен

Сыбызғысы даланың!

 

Сағат сайын сәні артып,

Сазға бөлер тәтті шақ -

Өлеңті ағар амандық

Ала жеткен хат құсап...

 

Көпір қылған жырына

Мөлдір суын кіл ақын,

Сарқылмашы, Өлеңтім,

Ерейменнің жұртынан

Сәлем айтып тұратын...

 

 

Бақытты екен баяғылар...

Жеткендей әрі-сәрі күйім кімге?

Көңілім бірде тымық, құйын бірде.

Кешегі Үмбетейдей баба рухы

Асқақтай түскеніне сүйіндім де...

 

Өкіндім... Қайда ондай абыз бүгін?!

Заманға сай емес пе арыз-мұңым?

Арманын бабалардың кім қастерлеп,

Ақтауға талпынғандай парызды кім?!

 

Белгісіз... Қашан сенім өтелері,

Мұнар ой тағы кері жетеледі...

Бай туған замандасқа бақытты екен

Сол күннің Жауқашары, Бәкелері.

 

Семсердей серт беріскен мұқалмасқа,

Сөз қалған жұртың үлгі тұтар жасқа.

Не арман, өзіңменен дәуірі бір

Ақылдың дариясы Бұқар доста?!

 

Тарихқа жылға салып жыр-ғасырлар,

Сөйлеуде шежіре боп дүр асылдар.

Арман жоқ Бөгенбайдай батырда да

Кетерде кешу айтқан жолдасы бар.

 

Санаға сөзбен соққан жақұт мүсін,

Байқаймыз өткен күннен уақыт күшін,

Нәріңнен дер кезінде қанып ішкен

Абылай айтып-айтпай бақытты шын!

 

Хас мұраң сан ұрпаққа нұрын себер,

Зеріне зерделінің үңілсе ел.

Әзірге ғафу еткін, асыл баба,

Ұлдарың өз тілінде мүдірсе егер...

 

 

 

 

 

 

 

Санат: Поэзия әлемінде | Қосқан: Отарка (02.09.2010)
Қаралды: 434 | Тегтер: Өлеңті, Жанаргүр, Поезия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017