Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

«Абайды оқы, таңырқа...»

«Абайды әр оқыған сайын сан қырынан құбылып, гауһар тастай жарқырай түседі. Бала кезіңде танысқанның жөні бір бөлек, жастық шақта үңілгендегі әсер бір басқа, ал есейген және қарттық кезеңде зерделеудің мәні тіпті ерекше».

Ақынның 165 жылдық мерейтойына орай Абай ескерткішінің алдында ұйымдастырылған жиында айтылған осы сөздерді әркім жадына мықтап түйіп қайтқан болар.

Ескерткіш ашылғалы бұл алаңқайда тұңғыш рет өткізілген шарада көңілімізді аса жадыратқан жайт – Абай жырын жатқа білетін ұландар қатарының артып келе жатқандығы. Әсіресе, биыл ғана толық қазақшалануға аяқ басқан №11 орта мектеп өрендерінің белсенділігіне сүйсіндік.

Қаламыздың құрметті азаматтары Халел қажы Хамметұлы мен Амангелді Қаңтарбаев жастарға айтар үлгілі сөздерін Абай ғақлиясымен қиыстырса, газетіміздің редакторы Жассерік Сәдуақас Абай жырларының өміршеңдігі, әсіресе бүгінгі күнгі өзектілігі хақында толғанды.

Журналист, аудармашы Рауза Мұсабай «Қараңғы түнде тау қалғып...» өлеңін Гете, Лермонтов және Абай тілдерінде сөйлетсе, №11 мектеп оқушысы Болат Мадияр баянмен «Желсіз түнде жарық ай» әнін төгілтті. Николай Септтің эстрада сүйемелдеуімен орындаған «Ата-анаға көз қуаныш», «Көзімнің қарасы» әндері де тыңдарманын бей-жай қалдырған жоқ.

Айдана Құрманиязова (№22 мектеп), Бектемір Еркебұлан, Алмас Елісов (№11 мектеп), Таңдыгүл Шәмшиева (ЕКИнЕУ), Жұмабек Досжан, Зарина Ахметова (№26 мектеп), Фариза Сайлауова (№18 мектеп) сынды жатқа өлең оқыған балалар жұртшылықтың шапалағына ғана емес, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан адам баласы үшін аса құнды сыйлық – кітаптарға да ие болды.

Екібастұздың қазақтың мүддесін ойлайтын жалғыз басылымы -  «Отарқа» да өлеңқұмарларды кәдесіз қалдырмай, Жұмабек Досжан, Фариза Сайлауова және Алмас Елісовті кітаптармен марапаттады. Ал Бектемір Еркебұлан мен Айдана Құрманиязоваға алдағы жылы «Отарқаны» тегін жаздыртып оқу мүмкіндігі тиді.  

Үлкен-кішіні Абай қазынасымен қала ортасында қауыштырған шарадан тарқауға асықпағандаймыз. Абай мүсініне қараған сайын:

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан!» - деген сөздер жан сарайыңның терезесін қайта-қайта қаға түскендей...

Ж.БАЙМЫРЗА     

 

 

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (22.09.2010)
Қаралды: 2538 | Тегтер: Ұлы Абай | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017