Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

Мемлекеттік тіл насихатталды

Жөн екен...

Мемлекеттік тіл насихатталды

-Қазақ тілі- менің екінші ана тілім. Біздің елімізде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге бар мүмкіндік жасалған. Жер-жерде тіл үйрену курстары жұмыс істеуде. Қажетті сөздіктер де жеткілікті. Өз басым тілді еркін меңгеру үшін «Достық» үйіндегі қазақ тілі курсына барамын. Қазақстанда тұратын қай ұлт өкілі болмасын мемлекеттік тілді білуі шарт,-дейді медколледждің ІІ курс студенті, неміс қызы Дина Дробышева «Теміржол» муниципалдық округтің үгіт алаңшасында өткен тілдер мерекесінде.

Жетпісінші жылдан бері Қазақстанда тұратын жергілікті «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының инженері, кәріс азаматы Витали Эм де қазақ тілінде еркін сөйлеуімен жұртты тамсандырды. 

Иә, тағдырдың жазуымен қазақ жеріне қоныс тепкен өзге ұлт өкілдері қазақ халқымен қоян-қолтық өмір сүруде. Бүгінгі таңда олардың ана тілдерін меңгеруіне, салт-санасын жаңғыртуына жағдай жасалған. Олардың арасында қазақ тілін де еркін меңгергендері аз емес. Бұл күнгі мерекеде Коля Септ сияқты өзге ұлт өнерпаздары да қазақша құйқылжыта ән салып, би биледі, нақышына келтіре өлең оқыды. Ана тіліміздің мәртебесін арттырды.

Тілдер мерекесінде сонымен қатар Гүлмира Алданова, Алмас Еділбаев, Ербол Ахаев, «Қыран» тобы, «Баэхет» этномәдени бірлестігінің өнерпаздары және т. б. әннен шашу шашып, жиналған қауымға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жиналған қауым демекші, көпқабатты үйлердің ауласында өткізілген соң ба, халық көп жиналды. Мұның өзі алдағы уақытта да әсіресе, тілдер мерекесін тек концерт залдарымен шектемей, ел арасында өткізудің қажеттігін айқын аңғартты.

Ел арасында өткізілген шараларға әдетте отбасы- ошақ қасындағы ана да, еңкейген кәрі де, доп қуған бала да барады. Бұқара халықтың ортасында өткізілген шара сонысымен маңызды.

Ал тіл мәселесіне ойысар болсақ, қазақ тілін ана тіліне балайтын Нэлля Кадыктың сөзімен айтқанда әсіресе, «мемлекеттік тілді қастерлеу- әркімнің ісі». 

Рауза МҰСАБАЙ  

 

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (23.09.2010)
Қаралды: 502 | Тегтер: «мемлекеттік тілді қастерлеу- әркім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017