Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

Сәті түскен сұхбат

Арман Бердалин, айтыс ақыны, Көкшетаудағы «Көкше» мәдениет үйінің бастығы: «Имамға ұйыған – иманнан адаспас»

-         Қазіргі поэзияда имандылықты ту етіп жүрген жастар қатары көбейгендігі қуантады. Ал өзіңіздің бұл тақырыпқа бет бұруыңызға не әсер етті?

- Адам бір тақырыпты жырлауы үшін, алдымен соны бастан кешуі керек. Мен дін жолына бес-алты жыл бұрын келдім. Маған Құрандағы 114 сүренің ішіндегі «Шұғара» сүресі қатты әсер етті. «Шұғара» - қазақшаға аударғанда ақындар деген сөз. Алла Тағала осы сүреде ақындарға назарын аударып, екі аят келтіреді: «Ақындарға азғындар ереді, иман келтіргендер бір басқа» деп. Яғни, ақын болып, соңыңнан азғындарды ертсең, өзің ғана күнәһар болып қоймай, өзгелерді жамандыққа бастайсың. Ал Алланы жырлаудың жөні бөлек. Мысалы, Абай несімен Абай? Оның мықтылығы - өлмес тақырып таңдап алғандығында. Қай өлеңіне қарасаң да, Құранмен, хадиспен өріліп отырады. Дін адамның қияметке дейінгі серігі ғой. Мен де Алла ақындық өнер бергеннен кейін, Алланың ақ жолын дәріптеуім керек деп түйдім.

- Қазір мұсылмандардың өзі қырық бөлініп жүр. Осы туралы пікіріңізді білсек?

- Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «ақырзаман болғанда яхудилер 71 тарамға, христиандар 72 тарамға, менің үмбетім 73 тарамға бөлінеді. Соның ақиқат жолы біреу-ақ» деген екен. Бізде мүфтият бар, ол жерде оқып келген, білімді ғалымдар отыр. Біз  көшедегі адамдардың соңына еріп кетпей, мүфтиятты, олардың қарамағындағы мешіт имамдарын тыңдауымыз керек, кез келген сұрақтың жауабын солардан алуымыз керек. Өкінішке қарай, қазір әркімнен білім алып келіп, жұртты соңдарына ертушілер көп. Қазір мұсылмандардың арасына жік салып, өздерінің сайқал саясаттарын жүзеге асырып отырған шет елдер аз емес. Бір Американың өзі миссионерлік мақсатқа жыл сайын 12 млрд. доллар бөледі екен. Ильминский деген миссионердің: «Қазақты шоқындыруға жарты күн жетіп жатыр»,- дегенін естіген шығарсыздар. Яғни, ол бұл сөзді бостан-босқа емес, қазақтың сана-сезімін зерттеп, білгеннен кейін, осалдығын байқаған соң айтып отыр ғой. Осы орайда тағы да шетелдік миссионерлердің: «Қазақтың егде жастағыларын баурап алуымыз екіталай. Балабақша, мектеп, университеттерімен жұмыс істеуіміз керек» деп бекінгенін естен шығармауға тиіспіз. Бүгінгі күні бір сапта тұрған он мұсылман он түрлі намаз оқитындай дәрежеге жетіп қалдық. Осыған бей-жай қарамағанымыз абзал.   

Ж.ҚАДЫРОВА

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (17.09.2010)
Қаралды: 702 | Тегтер: Арман Бердалы, Имандылық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017